Бейсенбі, Қыркүйек 6, 2018
Негізгі > ПРОЗА > Күз. Аялдамадағы “КӨКТЕМ”

Күз. Аялдамадағы “КӨКТЕМ”

kollaj01112016

Аялдамада көлік тосып тұрған әйелдің жүзі жабырқау көрінді. Қоңыр күзде киген пальтосы да қоп-қоңыр. Маңдайына түскен қатпар-қатпар әжімін, мұң торлаған жүзін көріп, көңілін аулағым келіп кетті.
Қасына жақын барып бетіне қарап, сәл-пәл кідірдім. Ол да қоңыр көзі жыпылықтап жүзін маған бұрды.
-Қандай әдемісіз! -дедім салған жерден, даусымды барынша жұмсартып. Ол пальтосының жағасынан басын шығарып: ” Маған айттыңыз ба?” – деді. “Иә” дедім мен. Ол сенімсіз жымиғандай болды. “Рас айтам! Қандай тональный крем қолданасыз? Бетіңіз нұрланып тұр” деп едім: – Тональный жақпаймын. Арзан кремдер ғой,- деді ол жай ғана. – Қай фирманікі?- дедім таңырқағандай болып. -Детский крем “Буратина” деді тағы сыбырлап. – Күшті екен! Бетіңіз жылтырап тұр! Мен де енді “Буратино” кремін қолданбасам,- дедім де жанымызға келіп тоқтаған автобусқа мініп кеттім. Терезеден әлгі әйелге қарадым. Басын қоңыр пальтосынан шығарып, ішінен таққан алқызыл шарфын сыртына орап жатқанын көріп, айналам алқызыл гүлге оранғандай күй кештім…

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation