Сенбі, Тамыз 11, 2018
Негізгі > Тарих > КӨНЕ ҚОБЫЗ Ақтөбеден Алтайға ел ықыласын арқалай келген

КӨНЕ ҚОБЫЗ Ақтөбеден Алтайға ел ықыласын арқалай келген

%d0%ba%d0%be%d0%b1%d1%8b%d0%b7-2

Екі ғасырға жуық тарихы бар көне қобызға көзім түскелі екі жыл өткенде барып, қасиетті аспапты қолыма түсірдім. Мұндай жәдігердің жұрт арасында тегіннен-тегін ұзақ сақталмайтынын білсемде қобыз иесіне қолқа салдым. Бір-бірімізбен сыйласып та, сырласып та жүретін бір құрдасымның інісі Жадырасынның үйінде тұрған бұл қобызға қол жеткізу үшін бар шынымды айтуға тура келді. Шынымды айтпас бұрын үй иесінен қобызды неге бергісі келмейтінін блгім келген. Ол: «Атамнан қалған көз еді… Кезінде атам бір қап бидайға ауыстырып алыпты бұл қобызды, қасиетті саз аспабы ғой, үйіңнің төрінде тұрсын деп әкеме қалдырған, онан міне біздің үйде. Оны сөйлететін, ретін білетін де адам жоқ, бірақ атадан қалған мұра ретінде қастерлеп төргі үйге іліп қойдық, оның үстіне бір ағайындарымыз кезінде музейге тапсыруға сұраған кезде әкем бергізбеді… Сонда құлағыма тигені кезінде бір боталы інгенге, құлынды биеге бағалағанда да әкеміз бермеген екен…», – деп өз ойын көлденең тартып, қимайтын сыңай танытқан. Екінші рет барып қайта сұрадым, бір боталы інгенге (түйеге) ауыстыруын өтіндім. Араға уақыт салып бірнеше рет өтініш жасағаным әсер етітті-ау деймін бір күні інім менің сол қобызға не үшін қызығып жүргенімді білгісі келіп: «Аға, бұл қобызды қандай мақсатпен сұрап жүргеніңіз туралы шыныңызды айтсаңыз мен ойланып көрейін», – деп әңгіменің ашығына көшті. Маған да керегі сол, ойымды несін жасырам;  мен бұл қобызды біреуден алып, біреге сату үшін емес, өзіміздің жерлестердің атынан  қазағымыздың батыр, оғылан ұлдарының біріне сыйға тартқым келетін жайып салдым. Інімізде қарап қалмай «Ой, аға, ол батырыңыз кім, бізде біле жүрейік, аты-жөнін айтсаңызшы» деп қызығушылық білдірді. «Бауырым, ол батырымыздың аты жөні Даулет Болатұлы Тұрлыханов қазақ спортының саңлағы, ел мақтанышы» деп, Дәулет ағамызға қатысты бар жетістіктерін тізбелей бастағанымда бауырым шыдай алмады ма орнынан атып тұрып, менің ойымды құптайтынын айта келіп, қобыздың ескіріп  кеткеніне қынжылысын да жасырмады…

Сөйтіп, мен көнерген қобызға қол жеткізіп, ескірген жерлерін жаңалатып, қайтажөндуден өткізу мақсатында досым Сәкен Болыс басқаратын Астанада Саз аспаптар жасайтын «Атакәсіп Астана» серіктестігінің шеберлеріне жібердім. Арада екі ай өткенде олар барлық талапқа сай етіп жөндеп берді. Осы тұста қолымыздағы қара қобыз тарихына да қысқаша тоқтала кетсем. XVIII ғасырдың екінші жартысында «Қара қамыс» базарының дәулетті бір байы қызының жасауына арнап сатып алып берген дүниесі екен (шамаменен 1860-70 жылдар). Одан кейін бұл аспап 1926-28 жылдар аралығында Ақтөбе облысының бұрынғы Табын, қазіргі Байғанин ауданының Шошқакөл, Шөптікөл деген жерлерін мекендеген Қабақбай деген ақсақалдың қолына тап болады. Себебі, қуғынға ұшыраған байдың тұқымы көшіп бара жатып дүниесін сенімді бір адамға қалдырып кетпекші оймен сол Қабақбай ақсақалға қалдырады. Ол кісі 1932 жылы ашаршылық кезде қоныс аударып бара жатып бір қап (ұнға) бидайға ауыстырып Бақберген деген кісіге тастап  кетеді. Осындай түрлі тарихы бар бұл қара қобыз Бақбергеннің немересі Жадырасынның шаңырағында сақталып келді.

Ендігі кезекте сол қобызды не мақсатпен алып, оны жүзеге асырғаным жайлы да тоқтала кетсем. Семей қаласында қараша айы кезінде әйгілі балуан-бапкер Болат Тұрлыханов атындағы жыл сайын өтетін республикалық турнирді тамашалауға әрі бауландарымызға жанкүер болып қайтуға келіп тұратын әдетім бар. 2011 жылғы турнирге де әдейілеп жолға шықтым. Ақтөбе өңірінен арнайы аттерлетіп келіп жүрген атым бар ғой, турнир иесі Дәулет Болатұлына құр қол бармайын деп қайтажөндеуден өткен көне қобызды да ала шықтым. Семейге келіп, турнир өтіп жатқан спорт кешенінде талай мықты белдесулердің куәсі болым. Арнайы әкелген сыйлығымды табыстайтын сәтте аспапты жай бере салмай, қобыз үнін баршаға естірте отырып табыстағанды жөн көрдім. Қобыз тарту өз қолымнан келмейтіндіктен семейлік қобызшыларды іздеп, Хасан есімді қобызшымен келістім. Хасан буырымызда мықты орындаушы екен, қобызды зар күйіне келтіре тартқанда тыңдаған жұрт тәнті болды. Қобыз үні аяқталған сәтте қасиетті аспапты сонау Ақтөбеден Дәулет Болатұлына арнайы сыйлау үшін әкелгенімді айта келіп, халықтың ұлына айналған ағамызға табыстадым.

Сол күнгі кеште алыс-жақыннан келген қонақтарға арналған банкетте ел ағалары, ауыл азаматтары, өнерде, спортта жүрген  саңлақтар өз сөздерінде Ақтөбеден жеткен қобыз туралы тамаша пікірлерін білдірді. Солардың бірі Оңалбай Аяшов қобыздың тарихы мен оның үнінен алған әсерін айта келіп «Дәулет Болатұлы бұл қобыз сізге жақсылық әкелсін, бұл керемет сыйлық болды», – деп өз ризашылығын жеткізді. Бұл басқосуда қобыз аспабының жалпы шығу тарихы, Қорқыттың бұл аспапты қалай жасағаны, Әл-Фарабидің да кезінде қобыз тартқаны туралы керемет деректер мен мазмұнды мысалдар да айтылды.  Осы қобызды осыншама жыл сақтап келген Ақтөбенің еліне, жеріне, азаматтарына да шын жүректен рахмет айтылды. Өз кезегінде Жақсылық аға Үшкемпіров: «Бұл жалғыз Дәулет бауырымызға беріліп жатқан сыйлық емес, барша Семей еліне, Шығыс жеріне тартылған сый-құрмет» деп ағынан жарыла сөз сөйледі. Өнер биігінде жүрген бауырымыз Медеу Арынбаевта тамаша пікірін жеткізе келіп «Саз өнерінің бастауы болған қара қобыздың бүгінгі күні елінің сүйікті ұлына сый болып тартылуы баға жетпес дүние болды» деген қуанышын білдірді. Басқа да талай азаматтар өз әсерлерін ортаға салып, қара қобыздың қадір-қасиетін, бүгінгі ортадағы орнын ерекшелей түсті.

Менде ел көңілінен қуат алып еліміздің атынан тартылған бұл сыйлық осы елге бақ береке әкелсін деген тілегімді іштей қайталап тұрдым.

 Әділкерей Әуелбаев, Ақтөбе қаласы.                         

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation