Алдағы жылы Астанада өтетін әлемдік іс-шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 1958 жылы Белгияның Брюссель қаласында өтті. Дүниежүзілік көрмеге Кеңес одағының құрамында қазақстандық делегаттар да қатысқан болатын.
1958 жылы 17 сәуірден 19 қазанға дейін жалғасқан көрменің ашылу салтанатына сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Дінмұхамед Қонаевтың жолдаған құттықтау сәлемін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Кеңес үкіметінің құрамында болса да, өзінің сәлем жолдап отырған елі қазақ тілі туралы ештеңе білмесе де таза қазақша құттықтау жолдауы Дінмұхамед Қонаевтың өз ұлтына деген ерекше сүйіспеншілігін көрсететіндей.