Сенбі, Тамыз 11, 2018
Негізгі > Тарих > Өзгелерге сабақ боларлық Шаһкәрімнің “ХАТЫ”

Өзгелерге сабақ боларлық Шаһкәрімнің “ХАТЫ”

«Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш

Шәкәрім ақынның ғасырға жуық уақыт бұрын “Қазақ тілі” газетіне жарияланған  осы бір хаты сол кездегі “қателікке” айтылған сөз ғана емес, қазірде де ақпараттың айналасында жүрген әрбір қызметкерге сабақ болатын дүние екен.

“ЖЕРҰЙЫҚ” 

«Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен. Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, Құдай! Менің өлеңімді 3 түрлі антұрғаннан сақта. Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта, себебі: ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман көрініп, байыбына бара алмайды. Екінші, күншілден сақта, оның себебі: жақсы өлеңімді жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта, оның себебі: менің «көз» деп жазғанымды «көр» деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді»,-деген.

Сол айтқандайын, Ташкенттегі «Шолпан» журналы менің өлең қылған «Ләйлі-Мәжүнін» әнгімесін соншалық көп қате қылып басыпты. Оны түзету қайтадан бір кітап жазғаннан қиын.

Кей өлең мүлде жоқ, кейінің жартысы жоқ, әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ, шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер.

ШАҺКӘРІМ»

(«Қазақ тілі», 1924 жыл, №13 (412))

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation