Таңырқаудан біз де танбаймыз, таңғалдырудан олар да талмайды әйтеуір. Суырыпсалма ақындар айтысын өткізетін болсақ оның төрағасы әртіс, әншілер байқауын өткізсек төрінде атағынан ат үркетін күйші отырады, күйге қатысты конкурс жасай қалсақ оның тізгінін ақсақал ақын ұстайды. Сонда қалай, бұлардың барлығы өздерінің отыратын орындарынан жаңылып қалған ба, әлде осы кісілерді әлдебіреулер әдейі шатастырып жүр ме?
Р. S. Жақында мен де жыршылар арасында республика деңгейінде үлкен сайыс ұйымдастырсам ба деп жүрмін, егер төрайым болуға лайық бұтын көтеріп билеу өнерінен атақ-абыройдың барлығын алып болған бір кәрі биші тапсам!