Тақырып: ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚЫСҚА БАТАСЫ (түрме хикаяаттары-2)
Мақала мәтіні: <a href="https://zheruiyq.kz/category/t%D2%AFrme-xikayaattary/"><img class="aligncenter wp-image-4747" src="https://zheruiyq.kz/wp-content/uploads/2016/11/222баннер-виджет-e1480457430835.png" alt="222banner-vidzhet" width="600" height="377" /></a>
1989 жылдың қаңтар айының соңғы күндері. Таңертең ерте қызметке келе жатырмын. Ол кезде Облыстық Ішкі істер басқармасы қазіргі(<em>бұрын</em> <em>Орджонокидзе көшесі деп аталатын</em>) Беспаев көшесіндегі ескі үлгімен салынған екі қабатты ғимаратта ораналасқан болатын. Бұл тарихи ғимарат. Кезінде бұл ғимаратта халық депутаттарының облыстық атқару комитеті де орналасқан екен. Қараңғыда байқамаппын, алдыма қарасам басқарма бастығы генерал-майор Исабаев Әбдіқайым Нұрқайұлы да кірер есікке жақындап қалыпты. Есікті ашып, амандастымда, генералды өткізіп жібердім. Жауапты кезекші «смирно» деп, тәулік бойы болған қоғамдық тәртіп бұзушылықты және қылмыстарды баяндап болғанша, мен де тұрмын қақшиып. Генерал мен кезекші өз-ара пікірлесіп тұрғанда, рұқсат сұрап, қастарынан өтіп кеттім. Кабинетіме келіп, керек қағаздарымды алып, жұмысқа кірістім. 15-20 минуттаң соң кезекші маған «сізді генерал кіріп кетсін деп шақырып жатыр»-деді. Генерал Ә. Н. Исабаевтың кабинетіне кірсем, телефонмен министрдің бір орынбасарымен сөйлесіп жатыр екен. Иегімен бір орындықты көрсетіп, маған «отыра тұр» дегендей белгі берді. Генералдың қарсы алдындағы орындыққа отырдым. Генералмен төрт жылдан бері, араласып-құраласып, мінез-құлқын, басқару ерекшелігінің кейбір қырларын жақсы білсем де, оңаша отырғанда да қимылдарын, түр-сипатын, өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәнерлерін қалт жібермей байқап отырмын. Бас киімсіз және кительмен отыр. Шашының бір тал қарасы жоқ, аппақ болатын. Басына киген ақ бөріктей болып, өзіне жарасып тұратын. Көпті көрген, салмақты, ақыл айта білетін, мен-мендігі жоқ, тәкәппәр емес, қаталдығынан қамқорлығы басым, жұртқа жайлы, жаны жайсаң генерал.
«Мені неге шақырды екен?»-деп ойланып отырмын. Генерал сөйлесіп болып, телефонның тұтқасын орнына қойды.
-Қалің қалай, Әлихан? Аппаратқа қайтып келіп, аудандағы еркіндікті аңсап, таныс ноқта қайта киіліп, тарлық етіп жүрген жоқ па?(<em>Мен Киров аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары болатынмын. 1989 жылы күзде аудандар жойылып, мен басқарма аппаратына бұрынғы орныма қайтып келгенмін. Генерал соны айтып отыр).</em>
- Шынымды айтсам, соның екеуі де бар, жолдас генерал.
-Жақында министрліктен бұйрық келеді. Штабтың штаты үлкейіп, штаб бастығының орынбасары деген лауазым кіргізілмекші. Сол лауазымға сені тағайындаймын. Бұған қалай қарайсың?
- (<em>Денеме қайнаған суды құйып жібергендей болды</em>). Қарсымын, жолдас генерал!
- Неге? Тақияңа тарлық етіп тұр ма?
- Керісінше, жолдас генерал, ол мен үшін өте үлкен жұмыс. Оперативтік қызметтен менде мүлдем тәжірибе жоқ, заң оқу орнын бітірмегенмін, басшылық қызметте де жиған-тергенім жоқтың қасы. Штабтағы жұмыс тек қана құжаттармен шектелмейді ғой. Аудандық және облыстық басшылардың, бөлімдердің жұмыстарын үйлестіре білу керек. Мың құбылып тұратын жағдайға байланысты ұсыныстар дайындау керек. Жұмыс тәсілдері әр-қилы басшылардың қызмет бабындағы қарым-қатынасын әрдайым жандандырып отыру қажет. Басшылық қызметте отырғандардың бәрінің азулары кере қарыс. Мен жаспын. Ол жауапты жұмысқа лайықты басқа адам табу керек.
- Тәжірибем жоқ дейсің де штаб жұмысының негізгі міндеттерін дұрыс айтып отырсың.
-Қолым көтере алмайтын шоқпарды, беліме байлағым келмейді.
- Мен сені дұрыс түсінсем, сенің ойыңда басқа қызмет бар-ау деймін шамасы?
- Дәл солай, жолдас генерал.
- Ол қай қызмет?
- Сіз кеше тергеу изоляторының штатына өзгеріс кіргізіп, тергеу изоляторы бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары деген лауазым енгіздіңіз. Мені сол қызметке жіберіңізші.
- Сен тергеу изоляторының не екенін білесің бе?
- Жоқ. Қызмет бабымен бір-екі рет барғанмын.
- Көзсіз батыр(<em>осы сөзді генерал әкеге тән жылулықпен айтқанда, менің жүрегім елжіреп кетті</em>). Не күтіп тұрғанынан бейхабар, жібер дейді. Тергеу изоляторы өте ауыр мекеме. Отырғандардың ауыртпалығы бар, жеке құрамның машақаты өз алдына, олардың мәз емес тұрмыстық жағдайы, осылардың бәрі қосылып, соққыға айналғанда, төтеп бере алмасаң қайтесің? Жақсылап ойландың ба? Жоқ әлде, кез келген мүмкіншілікті пайдаланып аппараттан алыстап кетпексің бе?
- Көп ойландым, жолдас генерал. Сол мекемеде қызмет жасап жүргендердің менен қай жерім кем? Құласаң нардан құла деген емес пе?
- Онда әңгіме былай болсын(<em>терзеге қарап, біраз ойланып отырды</em>).
- Жігіт болсаң сол нардан құламайсың
Қиындықтан қашпайсың, жыламайсың
Өз еркіңмен барасың, зорлағам жоқ
Енді менен қызмет сұрамайсың.
Жұмысыңды алып жүре алмай, ақсатып алсаң, аямаймын «Уволю!»-деді генерал-майор Ә.Н.Исабаев.
1989 жылдың 9 ақпанында мені Облыстық Ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің бастығы, милиция полковнигі Т.Қ. Болыспаев тергеу изоляторына алып келіп, мекеме бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары етіп тағайындау туралы генералдың бұйрығымен жеке құрамды таныстырды. Менің алдымда осы мекемеде 5335 күн мен түн күтіп тұрғанын мен білген жоқпын.
<p style="text-align: right;"><strong><em>Әли Хан Омарбеков, </em></strong></p>
<p style="text-align: right;"><strong><em>отставкадағы ішкі қызмет полковнигі. </em></strong></p>
1989 жылдың қаңтар айының соңғы күндері. Таңертең ерте қызметке келе жатырмын. Ол кезде Облыстық Ішкі істер басқармасы қазіргі(бұрын Орджонокидзе көшесі деп аталатын) Беспаев көшесіндегі ескі үлгімен салынған екі қабатты ғимаратта ораналасқан болатын. Бұл тарихи ғимарат. Кезінде бұл ғимаратта халық депутаттарының облыстық атқару комитеті де орналасқан екен. Қараңғыда байқамаппын, алдыма қарасам басқарма бастығы генерал-майор Исабаев Әбдіқайым Нұрқайұлы да кірер есікке жақындап қалыпты. Есікті ашып, амандастымда, генералды өткізіп жібердім. Жауапты кезекші «смирно» деп, тәулік бойы болған қоғамдық тәртіп бұзушылықты және қылмыстарды баяндап болғанша, мен де тұрмын қақшиып. Генерал мен кезекші өз-ара пікірлесіп тұрғанда, рұқсат сұрап, қастарынан өтіп кеттім. Кабинетіме келіп, керек қағаздарымды алып, жұмысқа кірістім. 15-20 минуттаң соң кезекші маған «сізді генерал кіріп кетсін деп шақырып жатыр»-деді. Генерал Ә. Н. Исабаевтың кабинетіне кірсем, телефонмен министрдің бір орынбасарымен сөйлесіп жатыр екен. Иегімен бір орындықты көрсетіп, маған «отыра тұр» дегендей белгі берді. Генералдың қарсы алдындағы орындыққа отырдым. Генералмен төрт жылдан бері, араласып-құраласып, мінез-құлқын, басқару ерекшелігінің кейбір қырларын жақсы білсем де, оңаша отырғанда да қимылдарын, түр-сипатын, өзін-өзі ұстау, сөйлеу мәнерлерін қалт жібермей байқап отырмын. Бас киімсіз және кительмен отыр. Шашының бір тал қарасы жоқ, аппақ болатын. Басына киген ақ бөріктей болып, өзіне жарасып тұратын. Көпті көрген, салмақты, ақыл айта білетін, мен-мендігі жоқ, тәкәппәр емес, қаталдығынан қамқорлығы басым, жұртқа жайлы, жаны жайсаң генерал.
«Мені неге шақырды екен?»-деп ойланып отырмын. Генерал сөйлесіп болып, телефонның тұтқасын орнына қойды.
-Қалің қалай, Әлихан? Аппаратқа қайтып келіп, аудандағы еркіндікті аңсап, таныс ноқта қайта киіліп, тарлық етіп жүрген жоқ па?(Мен Киров аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары болатынмын. 1989 жылы күзде аудандар жойылып, мен басқарма аппаратына бұрынғы орныма қайтып келгенмін. Генерал соны айтып отыр).
– Шынымды айтсам, соның екеуі де бар, жолдас генерал.
-Жақында министрліктен бұйрық келеді. Штабтың штаты үлкейіп, штаб бастығының орынбасары деген лауазым кіргізілмекші. Сол лауазымға сені тағайындаймын. Бұған қалай қарайсың?
– (Денеме қайнаған суды құйып жібергендей болды). Қарсымын, жолдас генерал!
– Неге? Тақияңа тарлық етіп тұр ма?
– Керісінше, жолдас генерал, ол мен үшін өте үлкен жұмыс. Оперативтік қызметтен менде мүлдем тәжірибе жоқ, заң оқу орнын бітірмегенмін, басшылық қызметте де жиған-тергенім жоқтың қасы. Штабтағы жұмыс тек қана құжаттармен шектелмейді ғой. Аудандық және облыстық басшылардың, бөлімдердің жұмыстарын үйлестіре білу керек. Мың құбылып тұратын жағдайға байланысты ұсыныстар дайындау керек. Жұмыс тәсілдері әр-қилы басшылардың қызмет бабындағы қарым-қатынасын әрдайым жандандырып отыру қажет. Басшылық қызметте отырғандардың бәрінің азулары кере қарыс. Мен жаспын. Ол жауапты жұмысқа лайықты басқа адам табу керек.
– Тәжірибем жоқ дейсің де штаб жұмысының негізгі міндеттерін дұрыс айтып отырсың.
-Қолым көтере алмайтын шоқпарды, беліме байлағым келмейді.
– Мен сені дұрыс түсінсем, сенің ойыңда басқа қызмет бар-ау деймін шамасы?
– Дәл солай, жолдас генерал.
– Ол қай қызмет?
– Сіз кеше тергеу изоляторының штатына өзгеріс кіргізіп, тергеу изоляторы бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары деген лауазым енгіздіңіз. Мені сол қызметке жіберіңізші.
– Сен тергеу изоляторының не екенін білесің бе?
– Жоқ. Қызмет бабымен бір-екі рет барғанмын.
– Көзсіз батыр(осы сөзді генерал әкеге тән жылулықпен айтқанда, менің жүрегім елжіреп кетті). Не күтіп тұрғанынан бейхабар, жібер дейді. Тергеу изоляторы өте ауыр мекеме. Отырғандардың ауыртпалығы бар, жеке құрамның машақаты өз алдына, олардың мәз емес тұрмыстық жағдайы, осылардың бәрі қосылып, соққыға айналғанда, төтеп бере алмасаң қайтесің? Жақсылап ойландың ба? Жоқ әлде, кез келген мүмкіншілікті пайдаланып аппараттан алыстап кетпексің бе?
– Көп ойландым, жолдас генерал. Сол мекемеде қызмет жасап жүргендердің менен қай жерім кем? Құласаң нардан құла деген емес пе?
– Онда әңгіме былай болсын(терзеге қарап, біраз ойланып отырды).
– Жігіт болсаң сол нардан құламайсың
Қиындықтан қашпайсың, жыламайсың
Өз еркіңмен барасың, зорлағам жоқ
Енді менен қызмет сұрамайсың.
Жұмысыңды алып жүре алмай, ақсатып алсаң, аямаймын «Уволю!»-деді генерал-майор Ә.Н.Исабаев.
1989 жылдың 9 ақпанында мені Облыстық Ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің бастығы, милиция полковнигі Т.Қ. Болыспаев тергеу изоляторына алып келіп, мекеме бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасары етіп тағайындау туралы генералдың бұйрығымен жеке құрамды таныстырды. Менің алдымда осы мекемеде 5335 күн мен түн күтіп тұрғанын мен білген жоқпын.
Әли Хан Омарбеков,
отставкадағы ішкі қызмет полковнигі.