
Бірақ, қала тұрғындары Ақтау қаласының халық теңіз жағалауына ең көп баратын тұсы – 14 шағын аудандағы жағадан өлі аққуларды тапқан. Аққудың бірінің жансыз денесі теңіз жағасындағы тас үстінде жатса, екіншісі жағалаудан онша қашық емес су ішінде жатқан. Аққулар неден өлді, олардың өліміне не себеп? Мәселе әлі анықталған жоқ.
Тұрғындар аққуларды нанмен ғана тамақтандыратын. Алайда, 2014 жылы «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы аталған құстарға нан беруге болмайтындығы, нанның олардың асқазанына ауырлық түсіретіні туралы ескертіп, теңіз жағасындағы адам көп шоғырланатын орындарға ескертпе тақтайлар ілген болатын. Бұл ескертпе халық арасында әртүрлі пікір тудырды – қолдағандар да, қарсы шыққандар да болды.
Демалушылардың теңіз жағасына қалдырып кететін қоқыс-қалдықтары құс төресі – аққуға оң әсер етпейтін секілді.
Қалай болғанда да, аққудың Ақтауға жылдағыдай көп емес, жыл санап сиректеу келетіні көңіл мазалайды.
Ақтаудан аққулар неге жерінді?!.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
Маңғыстау облысы