Бейсенбі, Желтоқсан 28, 2017
Негізгі > Бас баған > Аягөзде ХI республикалық бүркітшілер байқауы басталды

Аягөзде ХI республикалық бүркітшілер байқауы басталды

 

Аягөз қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ХI республикалық бүркітшілер байқауы басталды. Бұл туралы ақын Мерей Қартов ФБ парақшасында бөлісті-деп хабарлады “Жерұйық” порталы.

Бұл да бір дәстүрін тапқан төл спорт түрі. Сонымен, Мерей Қартовтың хабарлауынша,  бүркітшілер байқауына 9 облыстан 44 құсбегі қатысуда. Солардың ішінде белгілі ақын Дәулеткерей Кәпұлы, дәстүрлі әнші Берік Омаров, бүркітпен қоса тазыны да дәріптеп жүрген  Берікжан Бекежан сынды азаматтар бар екен.

Былтыр 29 бүркітші қатысқан болатын. Демек, жыл санап, бұл спорттың мәртебесі артып келеді. Бұл қуанарлық жағдай.

Айта кетейік, өткен жылы қаңтар айының аяғында ШҚО  Үржар ауданында, Мақаншы ауылының іргесіндегі Жайтөбеде  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүркітшілердің  республикалық X чемпионаты мен аудан бүркітшілерінің бауашар мерекесі өткен болатын.

Ұлттың рухын биіктетіп,  намысын қомдайтын, бұғанасын берік қылып, қиырдағын қыран көзімен барлайтын бабаларымыз  осы бүркіттің томағасын зерлеп, тұғырын тағындай құрметтеп еді. Бұл бекерден бекер емес… Қыран құстай қырағы, адал, асқақ болайық деген шығар. Тіпті, еліміздің Байрағында да осы құстың бейнесі тұрған жоқ па…

Олай болса, құсбегілерге қанжығаларың майлансын дейміз.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation