Қытайдағы “Әнші” жобасына қатысып жатқан Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген үшінші кезеңді табысты аяқтады. Бұл жолы Димаш Queen тобының “The Show Must Go On” әнін орындаған еді. Байқау қорытындысы бойынша ол бірінші орын алмағанымен, алдыңғы үш үздіктің қатарынан көрінді. Жобаға Қытайдың таңдаулы өнерпаздары қатысып жатқандықтан, бұл да төмен көрсеткіш емес. Алда, әлі талай кезең бар.
Димаштың бұл кезеңде айтқан әні де қытайлық көрермендерді бейжай қалдырған жоқ. Оның талантына, өнеріне халық тәнті болды. Жобадағы бір жаңалық – қатысушылардың бірі, 60 жастағы қытай әншісі Ду Ли Ча денсаулығына байланысты жарыстан кетіп, оның орнына Қытайға танымал, әйгілі әншілердің бірі Жаң Жие келген. Ол – Димашқа басты қарсылас болады деп күтілген. Алайда, Жаң Жие қазақ әншісінен бір саты төмен, 4 орынға тұрақтады. Ал, бірінші орынды, Тан Жин, екінші орынды Жау Ли есімді әншілер иеленіпті.
Димаш келесі кезеңде Уинстон Хьюстонның әнін айтатын болады. Жас талантқа ақжол тілейміз.
Естеріңізге сала кетсек, Димаш өткен бірінші, екінші кезеңде топ жарған болатын.