Сәрсенбі, Шілде 25, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Астанаға жаңа прокурор тағайындалды

Астанаға жаңа прокурор тағайындалды

ҚР Президентінің келісімімен ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы бұйрығы негізінде Болат Бекназарұлы Дембаев Астана қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды zheruiyq.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Болат Бекназарұлы бұған дейін ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы болып қызмет еткен.

ҚР Президентінің келісімімен ҚР Бас прокуроры Жақып Асановтың 2017 жылдың 14 ақпанындағы басқа бұйрығы негізінде Сабыржан Мәдиұлы Бекбосынов құқық қорғау қызметінде болудың шекті жасына жетуіне байланысты қызметінен босатылды.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation