Жас жігіт пен бойжеткен аялдамада автобус тосып тұрған Федоровтар жанұясының қасына келіп, (бұдан әрі тергеу құпиясын сақтау үшін кейіпкер есімдері өзгертіп алынады) өздерінің діни уағыздарының, ілімдерінің ерекшеліктерін насихаттай жөнеледі. Әңгіме барысында әсершілдеу келетін әйел жаны олардың әңгімесіне иланып, өздерің Костя және Ира деп таныстырған бейтаныс жандарға кең отырып, пікір алысу мақсатында мекен-жайын айтады. Костя мен Ира беті бері қараған Федоров Сергейдің зайыбын әбден иландыру мақсатында ертесінде салып ұрып олардың үйіне келеді. Киелі кітап құдіретімен кемеңгерсіген екеу түрлі-түсті уағыз кітаптарын көрсетіп әйелдің санасын шырмауықша шырмай бастады. Тек олардың сөзіне Сергей онша илана қоймайды. Ара-тұра өзінің қарсы пікірін де білдіріп қояды.Кей сәтте дауласып та қалады. Кеш түскеше отырғын екеу әйел санасын өздерінің сиқырлы сөздерімен алдап үйлеріне қайтады. Осындай отырыстар жиілей бастайды. Әлгі екеуі Федоровтардың үйіне келуді жиілетеді. Сергейдің әйелі де осы ағымға бүйірі бұрып, бейімделе бастайды. Сол бір қанды оқиға болар күні Сергейдің әйелі екі баласын алып, ауылдағы ата-анасының үйіне кетеді. Кешке жұмыстан келген Сергей теледидарды қосқаны сол екен есік қоңырауы шылдыр етті. Келген Ира мен Костя болатын.Үйде әйелдің жоғын көрген Ира ізінше қайтып кетеді де, екі еркек ас үйде әңгімелесіп отырады. О баста амандық-саулықтан басталған әңгіме айналып келіп, дін тақырыбана ұласады. Мылжың насихаттан миы ашыған Сергей Костяға одан да бір шөлмек арақ алып еркектерше демалуды ұсынады. Сөйтіп столға мойны қылқиып бір шөлмек орын тебеді. Әр-нәрсенің басын бір шалып отырып екеуі шөлмекті тауысады. Костя баяғы әңгімеге қайта оралды. Бұлыңғыр болашақ, уланған сана, кері кеткен заман, қорқау ниет қоғам, күнаһар адам туралы, осыларды түзейтін бір құдірет адам туралы, осыларды түзейтін бір құдірет өздерінің діни ағымы «Иегова куәгерлері» екендігін жырлай жөнелді. Талас барысында «Көп басты қатырма» деген Сергейдің сөзінен кейін Костя әлгінде ғана діндар болып отырған ұмытып, пышақ ала ұмтылды. Қорғану мақсатында қолына іліккен стол сирағымен пышағын қағып жіберген Сергей Костяның арқасынан бірнеше жерден пышақ салады. Арақ пен уыты тарқаған Сергей Костяның жантәсілімі еткенін ұғысымен, істеген ісінің бетін бүркеу мақсатында, мәйітті қытайдың үлкен көк сөмкесіне екі бүктеп салып, сыртқа шығарады да, шанамен мөлтек аудан шетіндегі салынып бітпеген көп қабатты үйдің жертөлесіне апарып тастайды. Ал, өзі қала орталығында тұратын әке-шешесінікіне барып із жасырады.
Ертесінде аула сыпырушы баспалдақтағы қан іздерін байқаған соң, осы туралы Әуезов аудандық полиция бөліміне телефон шалады. Болған оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқиғаны зерттеу барысында қан ізі Федоровтар пәтерінің алдынан басталғанын байқайды. Пәтер есігінің жақтауынан да болар болмас қан дақтарын табады. Бар құпия осы пәтер ішінде екендігін ұққан із кесушілер пәтерге кірген сәтте жуынатын бөлмеден және еденнен қан іздерін табады. Көршілерден сұрағанда әйелінің ауылға кеткенін, үй иесінің кеше осында болғандығы анықталады. Тергеушілердің жүргізген тиянақты әрекеті нәтижесінде үй алдынан қан аралас шана ізін қуып отырып, мәйіт жатқан жерді де анықтайды. Содан соң алғашқы тергеу амалдары басталып та кеткен болатын. Оқиға болған жерден басқарма бастығы полковник Жетпісбай Ибраев, оның орынбасары Алтынбек Шешенбаев, Валерий Вивтюк басқарып, құрамында кәсіби шеберліктері жоғары майор Оразғали Тәмпішов, Самат Қалие, Ербол Смағұловтар жұмыс істеді. Барар жер, басар тауы қалмаған Сергей ата-анасының ақылымен өз қолымен істегенін толық мойындап, полиция бөліміне өз еркімен келеді. Қазір осы бойынша тергеу жүруде. Сөз түйіні ретінде айтарымыз: қалалық әділет басқкармасының мәліметіне қарғанда қалада «Евенгельская хрестианы-баптисты» «Адвентисты седьмого дня» «Сведетели иегово» «Общины Бахай» «Новая жизнь» «Лютеренская церковь» тәріздес тіркеуден өткен түрлі діни сектолар бар көрінеді. Егер осылардың барлығы қандастарымызды қатарына тартатын болса, немесе өз мақсат-пиғылдарын күштеп үгіттей берсе, адам құқығына қол сұққан болып есептеледі. Себебі әр азамат дінге сену сенбеуі, қай дінді қалау өз еркі болып табылады. Ешкім осы қағидаға қол сұғуға құқы жоқ. Үгіт-насихатты да адам қалауына қарай жасауы тиіс.
Елубек Оспанов,
полиция подполковнигі,
Семей қаласы.