Сенбі, Қыркүйек 8, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Димаш алтыншы кезеңде бірінші орын алды

Димаш алтыншы кезеңде бірінші орын алды

Қытайдағы танымал тележоба «Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергенов байқаудың алтыншы кезеңінде бірінші орынға ие болды деп хабарлайды «Жерұйық» порталы.

Естеріңізге салсақ, Димаш “I Am a Singer” байқауның 1, 2 кезеңінде бірінші орынға ие болса, 3, 4 кезеңде үшінші орынды қанжығалап, 5 кезеңде 5 орынға табан тіреген болатын.

Димаш қатысып жатқан ән байқауының алтыншы кезеңі кеше өткен. Ол Adagio әнін пианинода орындап, бірінші орынды иеленіп, тік тұрып құрмет көрсеткен көрерменнің қошаметіне бөленді. Байқаудың аталған саны келесі аптаның сенбі күні өз уақытында Hunan телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізде болса, Атақты әнші Лара Фабиан Димаш Құдайбергеннің ерекше дауысына таңданыс білдіріп, оны кездесуге шақырған болатын. Бір қызығы  Димаштың алтыншы кезеңде орындаған әні Лара Фабианның орындауында танылған.

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation