Сейсенбі, Тамыз 14, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Балалар үйінің тамағына мекеме басшылары ортақтасып жатыр

Балалар үйінің тамағына мекеме басшылары ортақтасып жатыр

Астана қаласындағы мамандандандырылған балалар үйінің қызметкерлері прокуратура жанындағы консультативтік кеңеске осылай деп шағым түсірді. Шағым Астана қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері мен шаруашылық бөлімінің әкімшісінің атына жазылған. Бұл туралы 24-арна хабарлады.

Мекеменің аспаздары мен бірқатар қызметкерлері бас дәрігер мен қойма бөлімінің әкімшісін «қазынаның азық-түлігін талан-таражға түсірді. Өздері ішіп-жегенімен қоймай, үйлеріне тамақ дайындатады. Бас көтеріп шындықты айтсақ, соңымызға түсіп қудалайды», – деп айыптайды.

Нағима Сейітқамалова, асхана жұмысшы:

– Мен өзбасым бастық пен Балашевичқа бір қап балықты бөліп тазалап бердім. Мына халық шырылдап шындықты айт деп отыр. Бізді тыңдайтын ешкім жоқ.

Ал балалар үйінің бас дәрігері Лейла Зәкәриянова қол астындағы қызметкерлерімен келіспейді. Ештеңе алмадым, көрмедім деп отыр. Бірақ санитарлық ережелерді сақтау үшін қатал талап қоятындығын жасырмайды.

Лейла Зәкәриянова, мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері:

– Негізінен коллектив жақсы. Қаңтарда финконтроль тексеріс жасаған. Мен әрине талап еттім. «Олар сіздікі дұрыс емес жазамыз», – деді.

Консультативтік кеңес мүшелері екі жақты да тыңдады. Істі ушықтырмау үшін қызметкерлерін де, басшыларын да келісімге келуге шақырды. Кеңестің мақсаты да осы. Сыбайлас жемқорлық қылаң беретін жағдайлардың алдын алу.

Руслан Пірназар, Алматы ауданы прокуратурасының прокуроры:

– Мұндай дерек тіркелетін болса бізге смс хабарлама жіберсін. Біз келіп, деректі тіркейміз. Қандай жаза қолданатындығы тексерістен кейін белгілі болады.

Айта кетелік, қазіргі уақытта орталықта 25 бала тәрбиеленіп жатыр. Басым бөлігінің денсаулығында кінәрат бар. Аспаздар ауру балалардың тамағына ешкім қол сұқпаса екен деп алаңдайды. Егер жағдай қайталанатын болса, прокуратураға арыз түсірмек.


 www.24.kz

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation