Сәрсенбі, Маусым 6, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Семей жастары зардап шеккендерге қол ұшын созуда

Семей жастары зардап шеккендерге қол ұшын созуда

Семей жұртшылығы  су тасқыны салдарынан айтарлықтай көп  зардап шекті.  Осындай кезде оларға ел болып болып көмектесіп,  «Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін» деген қағиданы ұран еткенде ғана өзімізді шын жаңашыр, бауырмал екенімізді көрсете аламыз. Бүгінгі таңда шаһарымыздағы Түйемойнақ аралындағы, Мирный және Затон кенттеріндегі тұрғындар  Ертіс бассейін инспекциясы мен  Шүлбі ГЭС-інің басшылары жіберген қателігіне қанша ренжулі  болса да, Семейдің жастарына өте риза болса керек . Олай дейтін себебіміз «Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету» акциясы аясында бір топ жастардан құралған еріктілер тобы  жарқын істердің жүзеге асуына себепкер болып,  игілікті істерге ұйытқы болуда. Олар бар ынта-жігерлерімен  тасқын судың залалы тиген көшелерді  қалпына келтіріп, сенбілік жұмыстарын жүзргізіп,  халыққа қол ұшын созуда. Тіпті, қыздар үй-ішін жинастырып, ыдыс жуып, қолғабыс етсе, ал электротехникалық колледждің студенттері болса еш қорықпастан үзілген электр сымдарын қалпына келтіруге де өз септігін тигізуде. Осындай белсенді  жастары бар  Семей әрқашан жарқырай беретіні сөзсіз .

Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы КММ директоры Олжас Амангелдіұлы:

  • Жастар бірігіп әрбір су басқан көшелерді аралап, қолынан келген көмекті көрсетуде. Мүмкін олар материалдық жағдайы бар кейбір азаматтар сияқты ақшалай көмек көрсете алмаса да , қолдарынан келген көмекті жасап жатыр. Қай кезде болмасын таза еңбекпен жасалған іс әрқашан да жоғары бағаланады. Қала жастарынан қолынан келетіні әзірге осы шығар,алайда бұл еңбектері ерлікпен пара-пар деуге әбден болады. Мысалға қарапайым есік алдында жатқан, көлденен таяқты көтеріп ала алмайтын кейбір зейнет жасындағы қарт адамдар жастарға өз баталарын беріп, алғыстарын жаудыруда. Менің ойымша, олар үшін  қария кісіден бата алу үлкен бақыт деп есептеймін.

Айта кетейік, бүгін яғни 4 сәуірден бастап «Авиценна», «Қалматаев» сынды медициналық  оқу орындарынан  жоғары курстағы, кісі емдеуге рұқсаты бар  белсенді  дәрігерлік бригада жолға шығады. Дәрігерлік бригаданың құрамында психологтар, арнайы фельшерлер жұмыс жасайды деп жоспарлануда.

Ғанибек Түсіпбек, «Жерұйық» порталы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation