Кейде ұйықтап қалып, жұмысқа не сабаққа кешікпеу үшін таңғы ас ішпей кетеміз немесе қолымызға іліккен жемісті жолай жеп аламыз. Ал зерттеушілер кейбір жемістер мен тағамдарды ашқарынға жеуге болмайтынын айтады. Олар түрлі аурулар тудырып, күні бойы өзіңізді жайсыз сезінуге себепші болуы мүмкін.
Кофе
Кофеден басталған таңғы ас асқазан мен бауырға, ұйқыбезіне орасан зор зиянын тигізеді.
Цитрустар
Бұл жемістердің адамдарда аллергия тудыратын қасиеті бар. Егер оларды ашқарынға жесеңіз, денеңізге түрлі бөртпелер шығып кетуі мүмкін. Бәрінен бұрын ол бауырыңызға ауыртпалық түсіреді. Ал ашқарынға ішілген апельсин шырыны гастрит тудыруы мүмкін. Сондықтан цитрустан бұрын ботқа жеп алғаныңыз дұрыс.
Банан
Банан – өте баяу қортылатын жеміс. Егер оның тамақтың алдында жесеңіз, ішіңіз кеуіп, өзіңізді өте жайсыз сезінетін боласыз. Сондықтан банан жеген соң су немесе шырын ішуге де болмайды. Дәрігерлер оны түскі тамақ ішкен соң бір сағаттан кейін ғана жеуге кеңес береді.
Шикі көкөністер
Көкөністердің құрамында қышқылдар болғандықтан, оларды ашқарынға жесеңіз, ішек шырышының қабынуына әкелуі мүмкін. Бұл асқазанда ойық жаралар мен гастриттің пайда болуына алып келеді.
Тәтті тағамдар
Таңғы асқа тәтті тағам жеуге мүлдем болмайды. Дәрігерлер оның қандағы қант мөлшері көбейтіп, соның салдарынан инсулин жетіспеушілігі туындап, диабет ауруына шалдығу жиі болатынын айтады.
Йогрут
Йогурттардың жарнамасын көрген кезде, таңғы асты сонымен алмастырғың келіп кетеді. Алайда, дәрігерлер оның дұрыс емес екенін айтады. Себебі таңертең ағзаға йогуртта болатын қосымша бектериялар қажет емес. Сондықтан, оны тамақтанған соң екі сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында жеу керек. Сол кезде ғана ағзаға қосымша бактериялар қажет болуы мүмкін.
Долана
Долананың құрамындағы органикалық, майлы және лимон қышқылдары көп. Оны ашқарынға жегеннен қарын сөлі көп бөлініп, асқазан газ және қышқылмен толып қалады.
Құрма
Құрма құрамындағы пектин мен дубильді қышқылдың көп мөлшері қарын сөлімен араласқан кезде гель сынды затқа айналады. Оның салдарынан асқазанда тас пайда болады.
Консервідегі және қақталған тағамдар
Бұндай тағамдар да ашқарынға түссе, аллергиялық ауру тудырады. Себебі олардың құрамында тікелей аллергияға шалдықтыратын гистамин бар.
Дәрі-дәрмек
Кейбір ашқарынға ішуге арналған дәрілерден өзге дәрумендерді ашқарынға ішуге болмайды. Олар жүректы айнытып, өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Сондықтан әрбір дәрінің қабыладу уақытына ұқыпты болу керек.