Жұма, Маусым 8, 2018
Негізгі > Бас баған > Семейдің аэропортын жөндейтіндер жолды бүлдіріп бітті

Семейдің аэропортын жөндейтіндер жолды бүлдіріп бітті

Бірнеше айдан бері Семей аэропортының ұшып-қону алаңын кеңейту әрі қайта жөндеуден өткізу бағытында жұмыстар қызу жалғасып жатыр. Жоспар бойынша аэродром алаңы 2,7 шақырымнан 3,3 шақырымға ұлғайып, коммуникациялық желілері ауыстырылып, апаттан құтқару стансасы жаңартылмақ.

Бұл әрине жақсы. Бірақ, осы жұмысты ұйымдастырып отырғандар немесе жергілікті атқарушы билік ескермеген бір жай бар. Ол мәселе – аэропортқа баратын асфальт жолдың тағдырына мән бермегендіктері. Олай болатыны, қазір аэродромға құрылыс материалдарын тасымалдайтын ауыр жүк көліктерінің бәрі осы жолмен жүретіндіктен асфальттардың күл-талқанын шығарған. Үш-төрт жыл бұрын ғана осы бағытқа асфальт жаңадан төселіп айнадай болып жатқан жол, міне, мезгілсіз бүлініп, обалды болып қалды. Осыған қарап біздің іс басында отырған азаматтардың қоғам дүниесіне жандары ашымай ма әлде өз қызметтеріне селқос қарай ма деген ойға қаласың. Әсіресе, жергілікті атқарушы билік осы жайға жете мән беруі керек еді. Бұл жолдар жергілікті әкімшілік аумағындағы нысандар, сапасына да солар жауапты. Сондықтан, аэродром құрылысы басталар кезде ауыр жүк көліктеріне арнап жанама немесе айналма жол ұйымдастырып берулері керек еді. Қосымша жол қарастыра білгенде тақтайдай тегіс жолымызды аман сақтап қалар едік қой. Енді не… Енді не болушы еді, аэродром құрылысы біткен соң аэропортқа баратын қанша шақырым жолды қайта жөндеуге тура келмек. Ненің есебінен, қала бюджетінің есебінен. Яғни, оған жұмасалатын неше миллион тенге артық шығын, тиімсіз жұмсалған қаржы болып шығады. Бюджет қаржысын тиімсіз қолданыу – ол да үлкен мәселе.

Жалпы, аэродром құрылысы әлі бірнеше айға созылады. Сол себепті, «КамАЗ» секілді жүк көліктеріне жанама сол ойластырмаса аэропорт жолы да «Абралы жолының» кебін кимек. Абыралы жолының да тым құлдырауына көмір таситын «КамАЗдар» себеп болған.

Тиісті басшылықтар аэропорт жолына қатысты әлі де ойланып, бір шешім қабылдар деп үміттенеміз.

«Жерұйық»-ақпарат

 

 

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation