Адамның құрылысына байланысты, біздің ойымызда анда-санда түрлі қорқыныш сезімі пайда болады. Егер қорқыныш сізге уақытша қонса, сонымен қатар онымен күресу тәсілдерін таба алсаңыз – бұл қалыпты жағдай. Бірақ қорқыныш жанды өрттеп, денені сал қылдырып, ақылыңызды тежейтін жағдайда бірден әрекет ету қажет. Бәрі өздігінен кетеді деп ойламаңыз. Сонымен қатар, әрекетсіздік қынжыларлық нәтижеге әкеледі, яғни қорқыныш шыңдыққа айналады.
Сонда біз неден қорқамыз? Ең көп таралған қорқыныш сезімдерін қарастырайық.
1. Ауру қорқынышы.
Пассивті өмір салтын жүргізетін адамдарда ауру қорқынышы жиі кездеседі. Олар өзінің әрбір сыздауығына құлақ салып, кейіннен одан түрлі жаман диагноздарды бейнелейді. Бұл жердегі ең негізгі кеңес: спортпен шұғылданыңыз, өзіңізге қызықты хобби тауып алыңыз, достармен табиғатқа жиі шығыңыз.
Егер сіз белсенді болсаңыз және жоғарыда аталғанның бәрі өміріңізде бар болса, онда ауру қорқынышы – бұл жоғалту қорқынышының салдары.
2. Жоғалту қорқынышы.
Сіз неден айырыламын деп қорқасыз? Әрине, барлық нәрседен. Егер сіз ауырып қалатын жағдайда: жұмыстан, сүйіктіңізден, үйреншікті өмір салтынан айырылуыңыз мүмкін. Ақыр аяғында, емделуге байланысты, үлкен қаржылық шығындардан қорқасыз. Бұл жағдайда бір нәрсені түсіну керек, материалдық құндылықтардың барлығы – тіршілік етуге керек қаржы. Жұмысты әрқашан табуға болады, бәлкім, ол алдыңғы жұмыстан да қызықты әрі табысты болуы мүмкін. Сүйіктіңіз қиыншылықтардан шыдай алмады ма? Ендеше, ол сізге лайықты емес. Жоғалту қорқынышы, басқа қорқыныштар сияқты – өзіне, адамдарға, әлемге үлкен сенімсіздігінен туындайды.
3. Кәрілік қорқынышы.
Кәрілік қорқынышы санаңызға енген кезде, өзіңізді соқыр, саңырау әрі әлсіз етіп елестетесіз. Бірақ бәрімізге белгілі, өткір көретін, спортпен шұғылданатын, қандай да бір курстармен айналысатын, жер жүзін аралайтын қарттар бар. Артық салмағы бар, қоршаған ортаға пессимисттік көзқараспен қарайтын, өмірдің тек қана жаман жақтарын көретін жас адамдар да қазіргі уақытта жеткілікті.
Достар, сізге тек қана белсенді іс-әрекеттер көмектесе алады. Жаттығулар жасаңыз, дұрыс тамақтаныңыз, жанындағы адамдарға жақсылық жасаңыз. Тек өзіңіздің төңірегіңізде айналмай, Жер құсап – Күнді айналыңыз.
4. Ажал қорқынышы.
Кәрілік қорқынышы – сонымен қатар, ажал алдындағы қорқыныш болуы мүмкін. Бұл қорқынышты бір рет жеңіп, онымен мәңгілікке айырылысу қажет. Ажалды шарасыздық ретінде қабылдау қажет. Өлімнен қорқып, өз ажалын ойында бірнеше рет елестеткен кезде, сіз әр ретте өліп отырасыз. Толықтай өмір сүрсеңіз, ажал тек бір рет қана келеді.
5. Су, тұйық кеңістік, ұшақпен ұшу қорқыныштары.
Аталған қорқыныштар басқаларға қарағанда сирек кездеседі. Осы қорқыныштарды жеңу үшін, ештеңеден қорықпай, оның алдынан шығу керек. Су алдындағы қорқыныштан құтылу үшін жүзуді үйрену қажет. Ешбір жағдайда мұны өз еркіне қарсы жасамаңыз. Сізді суға күштеп итеруге жол бермеңіз.
Тұйық кеңістік қорқынышы бостандықты жақсы көретін, дербес және іскер, қатаң кесте мен регламенттерді жек көретін адамдарға тән. Егер бұл қорқыныш өмір сүруге кедергі келтірмесе, онда онымен күреспеуге болады. Ең бастысы, қандай болсанда, өз-өзінді қабылдау жеткілікті.
Ұшақпен ұшу қорқынышы – басқа фобияларға қарағанда күрделірек. Өйткені әртүрлі жағдайларға байланысты авиакомпаниялардың қызметін пайдалану керек. Мысалы, керекті жерге басқа көлікпен баруға мүмкіндік болмаса. Осы жағдайда музыканы тыңдауға, ұйықтауға, көршімен әңгімелесуге, кітап оқуға немесе фильм көруге кеңес береміз.
Қорқыныштың тағы көптеген түрлері бар. Бірақ осы қорқыныштардың барлығы сізден қорықсын деген тілегіміз бар.
© http://www.oqu.kz/
[ig-posts-carousel post_type=”post” cat=”пайдалы кеңестер” posts_num=”12″ posts_per_slide=”3″ show_image=”true” show_excerpt=”false” autoplay=”true” arrows=”false” dots=”true”]