Негізгі > ○ Блогер жазбалары (Page 19)

Фариза: Мұқағали менің жырыма өз жүрегінің сәулесін түсірді

"...Мына дүние неге жатыр үндемей". Ертең, 9 ақпан - Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақ мамық жауған ақпан айында Алатаудың басы бусанып жатса, таңқалмаңыз, Қарасаз жақтан қаздардың тізбегін көрсеңіз сәлем жолдаңыз. Өлең, сірә - құдірет шығар. Оның жырын есіңізге алыңыз, әруағы аунап қалар... Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсыноваға қатысты әңгімелер

Толық оқу...

З.Қабдолов: Ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма?

АНА ТУРАЛЫ МОНОЛОГ О, дариға-ай, аспан астында ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл иісі... Осының бәрі сені тапқан анаңның құдіретінен жаралған рахат екен-ғой. Тіршіліктің бар қызығы ананың саған дымы қалмай діңкесі құрып, елжіреп қараған көз шарасына сыйып, көз шарасында ғана тұрады екен-ау. Жер үстінен

Толық оқу...

Намысыңда Рух болмаса, Ұраныңнан не қайыр?!

Ырсымбетұлы Байғұттың тіл мен діл туралы Наурыз айындағы толғауы   Ақ сүтіңді аттасаң, Ана тілден не қайыр?! Ана тіліңді білмесең, Ақ батадан не қайыр?! Ақ батадан жерісең, Ақ отаудан не қайыр?! Иманды жан болмасаң, Шариғаттан не қайыр?! Ата - Баба өсиетін, Аңызға балап сөйлесең, Ақиқаттан не қайыр?! Өсек жинап əр елден, Өсиетіңді таппасаң, Əруақтан не қайыр?! Əруақ теріс бұрылса, Тұла бойың у болар, Насихаттан не қайыр?! Намысың төмен болған

Толық оқу...

Шаһкәрім қаза тапқан сол бір күн…

Шаһкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де – Абай. Ақынның жиырма жастарында жазғандары, көбінше, жастық, махаббат өлеңдері. Мысалы: Гауһардай көзі, Бұлбұлдай сөзі, Жаннан асқан бір пері. Жүзі бар айдай, Мінезі майдай, Өзгеден артық сол жері. Дариядай ақыл мол еді, Жан ғашығым сол еді... – Деп басталатын өлеңін 21 жасында жазған. Бұл арада Мұхтар Әуезовті

Толық оқу...

Жәркен Бөдешұлы. Жалғыз (поэма)

Қарқаралы басында жалғыз арша, Хатқа жүйрік сол қалқа, мұсылманша. (Халық өлеңі) Ғұлама таулардың тұрғыны - арқар, құлжаны кәнігі мергендер күзде, тек қана күзде аулайды. Жауынға бөртіп, шыққа шыланып піскен қара жусанды қарпытып, тасты жарып шыққан мөлдір бұлақпен шөлін басқан еркін, қамсыз хайуандар, қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы

Толық оқу...

Е.Раушанов: Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі?

Мен осынау жүрегіммен, жаныммен   Мен осынау жүрегіммен, жаныммен, Алау ыстық қаныммен, Бойымдағы барыммен, Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидің Табынамын күлкісіне сәбидің.   Сәбиі үшін тілемеп ем мың бақыт, Орай мені мәңгі ерімес тоң-мұзға, Өзге жанның жыры болған сол қызға.   Кейде анама бесік жырын жырлатып, (Бұл сырымды еш бүкпесіз айта алам) Сәби болғым кеп кетеді қайтадан.   Әзілдейді әз жеңгем: «Жұрт ұлына өбектейсің сонша кеп, Қайтер едің

Толық оқу...

Т.Кеңесбаев: Қараңғы түннің жұлдызы (Зуқа батыр)

«Ноқтаға басыңды ілсең, шыға алмайсың...» Шәкәрім   ...Әлгінде ғана Найзатасқа  иегін сүйеген алып күн еңкейген сайын қынадай қызарып,  биік қарағайлардың арасынан Зуқаның ауылына қарай найзадай қадалып біраз тұрды. Әдемі сурет еді. Бәрін бір бүйірден шыға келген ай сәулесі бұзды. Ақ пен қызыл алмаса алмай кілк-кілк етіп біраз тұрды. Жел де соқпады. Шөп басы да

Толық оқу...

Есболат Айдабосын: Тұлпар серті (хикаят)

«Ұрлық түбі қорлық» (Халық даналығы) Сөз басы Қозыбасының көк желкесінен шығып, өз сүрлеуімен өрлеген көктемнің күні Қоңыртөбе тауына жеткенде, мезгілсіз жортқан қарақшы бұлттардың қоршауына түсіп, малтығып қалды. Тоң қатқан дала болмашы сәулеге маңдайы жіпсіп, бусана бастаған еді, мезетте суық шалып, қанын ішіне тарта сұрланып кетті. Күншуақта бой жылытып жатқан арық-тұрақ қайтадан қалтылдап

Толық оқу...

Димаштың қарсыластары кімдер? (фото)

Қытайдың "Hunan TV" арнасынан көрсетіліп жатқан "The singer" халықаралық байқауында әлемнің ең мықты орындаушыларымен бірге қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бақ сынап жатыр. Ол 3-бөлімде тағы да үздіктер қатарынан көрініп, 3-орынға табан тіреді. Әншінің менеджері Алпамыс Шәрімовтің айтуына қарағанда Димаштың басты қарсыластары мыналар: Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) Сэнди қытай, путунxуа, ағылшын, жапон тілдерінде ән

Толық оқу...

ЖЕКСЕНБІЛІК ӘЗІЛ

Күн жексенбі. Балалар әлі ұйқыда. Таң атпай тыпырлап мазаларын қашырмай, күн шыққанша жата тұрайын деп ойлағанмын. Көзім ілініп кетіпті. Қалта телефоныма келген қоңыраудан селк етіп ояндым. Философ бауырым екен. - Ассалаумағалейкум! – жерден жеті қоян тапқандай желпініп тұр. - Әліксалам! Күн шықпай жатып, астыңнан су шықты ма? - Жоқ. Сізге бір қызық айтайын

Толық оқу...