Дүйсенбі, Қыркүйек 17, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Намысыңда Рух болмаса, Ұраныңнан не қайыр?!

Намысыңда Рух болмаса, Ұраныңнан не қайыр?!

Ырсымбетұлы Байғұттың тіл мен діл туралы Наурыз айындағы толғауы

 

Ақ сүтіңді аттасаң,
Ана тілден не қайыр?!
Ана тіліңді білмесең,
Ақ батадан не қайыр?!
Ақ батадан жерісең,
Ақ отаудан не қайыр?!
Иманды жан болмасаң,
Шариғаттан не қайыр?!
Ата – Баба өсиетін,
Аңызға балап сөйлесең,
Ақиқаттан не қайыр?!
Өсек жинап əр елден,
Өсиетіңді таппасаң,
Əруақтан не қайыр?!
Əруақ теріс бұрылса,
Тұла бойың у болар,
Насихаттан не қайыр?!
Намысың төмен болған соң,
Дабысыңнан не қайыр?!
Намысыңда Рух болмаса,
Ұраныңнан не қайыр?!
Ұрандаған ұлдарың
Шапқанда жауын алмаса,
Отаныңнан не қайыр?!
Ынтымағың ыдырап,
Биің сөйлесе құн сұрап,
Жарғы жазған жапалақ
Күндіз паналап, түн ұшар,
Қай ісіңнен не қайыр?!
Ер түсінен шошыса,
Шаруаң алға баспаса,
Ата ұлдан жерісе,
Ана қыздан жерісе,
Жарғыға жамағат тұрмаса,
Еңіреген Ел жетім!
Жерігені де “Қос Əруақ”
Қос қолдап ұрар – “Қос Айыр!”

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation