Негізгі > ○ Блогер жазбалары (Page 18)

Бүгін менің туған күнім, ой бәлі-ай!

Болашаққа арыз жазып кеткен ақиық ақынның бүгін дүниеге келген күні. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай

Толық оқу...

Қайым жайлы құнды деректер

Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл - әліптік ақиқат. Осы орайда Абай сөзіне ден қойсақ: Ақыл мен жан - мен өзім, тән менікі, Мені мен менікінің мағынасы екі. "Мен" өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, "Менікі" өлсе өлсін, оған бекі, - дейді ақын. Осы санаттағы ажалсыз "Меннің" иесі ең алдымен Абай ағаның өзі

Толық оқу...

Аспанға «бостандық» деп сөз ұмсынды-ау!.. (Оспан батыр)

(Шығыс Түркістандағы Шіңгілде қазақтар ақ киізге орап хан көтерген, қазақтың Кенесарыдан кейінгі ханы Оспан батырға арнаймын)   Тамырыңда қан тулап басыла алмай, Жарқ-жұрқ ойнап көзде от жасын аумай. Жаттың ба, Алтай, кеудеңе «бүлік» түсіп – Елдің мұңы Ертіс боп тасығанда?   Шер алқып – қобыз алқып тіл біткендей, Ішіне бір сұмдығын қыр бүккендей. Аспанға «бостандық» деп сөз ұмсынды-ау, Дүн-дүние теңдік

Толық оқу...

Фариза: Мұқағали менің жырыма өз жүрегінің сәулесін түсірді

"...Мына дүние неге жатыр үндемей". Ертең, 9 ақпан - Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Ақ мамық жауған ақпан айында Алатаудың басы бусанып жатса, таңқалмаңыз, Қарасаз жақтан қаздардың тізбегін көрсеңіз сәлем жолдаңыз. Өлең, сірә - құдірет шығар. Оның жырын есіңізге алыңыз, әруағы аунап қалар... Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсыноваға қатысты әңгімелер

Толық оқу...

З.Қабдолов: Ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма?

АНА ТУРАЛЫ МОНОЛОГ О, дариға-ай, аспан астында ананың жер бетін басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл иісі... Осының бәрі сені тапқан анаңның құдіретінен жаралған рахат екен-ғой. Тіршіліктің бар қызығы ананың саған дымы қалмай діңкесі құрып, елжіреп қараған көз шарасына сыйып, көз шарасында ғана тұрады екен-ау. Жер үстінен

Толық оқу...

Намысыңда Рух болмаса, Ұраныңнан не қайыр?!

Ырсымбетұлы Байғұттың тіл мен діл туралы Наурыз айындағы толғауы   Ақ сүтіңді аттасаң, Ана тілден не қайыр?! Ана тіліңді білмесең, Ақ батадан не қайыр?! Ақ батадан жерісең, Ақ отаудан не қайыр?! Иманды жан болмасаң, Шариғаттан не қайыр?! Ата - Баба өсиетін, Аңызға балап сөйлесең, Ақиқаттан не қайыр?! Өсек жинап əр елден, Өсиетіңді таппасаң, Əруақтан не қайыр?! Əруақ теріс бұрылса, Тұла бойың у болар, Насихаттан не қайыр?! Намысың төмен болған

Толық оқу...

Шаһкәрім қаза тапқан сол бір күн…

Шаһкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де – Абай. Ақынның жиырма жастарында жазғандары, көбінше, жастық, махаббат өлеңдері. Мысалы: Гауһардай көзі, Бұлбұлдай сөзі, Жаннан асқан бір пері. Жүзі бар айдай, Мінезі майдай, Өзгеден артық сол жері. Дариядай ақыл мол еді, Жан ғашығым сол еді... – Деп басталатын өлеңін 21 жасында жазған. Бұл арада Мұхтар Әуезовті

Толық оқу...

Жәркен Бөдешұлы. Жалғыз (поэма)

Қарқаралы басында жалғыз арша, Хатқа жүйрік сол қалқа, мұсылманша. (Халық өлеңі) Ғұлама таулардың тұрғыны - арқар, құлжаны кәнігі мергендер күзде, тек қана күзде аулайды. Жауынға бөртіп, шыққа шыланып піскен қара жусанды қарпытып, тасты жарып шыққан мөлдір бұлақпен шөлін басқан еркін, қамсыз хайуандар, қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы

Толық оқу...

Е.Раушанов: Босағасын басқаға тастай ма екен, о несі?

Мен осынау жүрегіммен, жаныммен   Мен осынау жүрегіммен, жаныммен, Алау ыстық қаныммен, Бойымдағы барыммен, Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидің Табынамын күлкісіне сәбидің.   Сәбиі үшін тілемеп ем мың бақыт, Орай мені мәңгі ерімес тоң-мұзға, Өзге жанның жыры болған сол қызға.   Кейде анама бесік жырын жырлатып, (Бұл сырымды еш бүкпесіз айта алам) Сәби болғым кеп кетеді қайтадан.   Әзілдейді әз жеңгем: «Жұрт ұлына өбектейсің сонша кеп, Қайтер едің

Толық оқу...

Т.Кеңесбаев: Қараңғы түннің жұлдызы (Зуқа батыр)

«Ноқтаға басыңды ілсең, шыға алмайсың...» Шәкәрім   ...Әлгінде ғана Найзатасқа  иегін сүйеген алып күн еңкейген сайын қынадай қызарып,  биік қарағайлардың арасынан Зуқаның ауылына қарай найзадай қадалып біраз тұрды. Әдемі сурет еді. Бәрін бір бүйірден шыға келген ай сәулесі бұзды. Ақ пен қызыл алмаса алмай кілк-кілк етіп біраз тұрды. Жел де соқпады. Шөп басы да

Толық оқу...