Біржан Ахмер: Кірсіз кеуде көктемге құнығады…
АРУ КӨКТЕМ Құт болмаса, дəн екпес нала-мұңға, Хақ жаратқан тіршілік - жанарымда. Көк аспаннан көктемді сүйіншілеп, Кеме-бұлттар жүзеді қабағында. Ашылған жоқ ғаламға сырым əлі. Кірсіз кеуде көктемге құнығады. Тəн қаптаған жанымды тірілткендей, Ақ найза нұр - жүрекке сұғылады. Адамзаттың төгіліп нұры көзден, Ар сəулесін бірі қап, бірі сезген. Күллі ғалам ерісе Күн нұрына, Еріп кетер жүрегім жылы сөзден... Қиял құсы қалықтап, көкке өрлей
Толық оқу...