Дүйсенбі, Қыркүйек 17, 2018
Негізгі > Әдебиет > Біржан Ахмер: Кірсіз кеуде көктемге құнығады…

Біржан Ахмер: Кірсіз кеуде көктемге құнығады…

АРУ КӨКТЕМ

Құт болмаса, дəн екпес нала-мұңға,
Хақ жаратқан тіршілік – жанарымда.
Көк аспаннан көктемді сүйіншілеп,
Кеме-бұлттар жүзеді қабағында.

Ашылған жоқ ғаламға сырым əлі.
Кірсіз кеуде көктемге құнығады.
Тəн қаптаған жанымды тірілткендей,
Ақ найза нұр – жүрекке сұғылады.

Адамзаттың төгіліп нұры көзден,
Ар сəулесін бірі қап, бірі сезген.
Күллі ғалам ерісе Күн нұрына,
Еріп кетер жүрегім жылы сөзден…

Қиял құсы қалықтап, көкке өрлей ме?
Өз айыбың – өзіңді жек көрмей ме?
Ару қыздай аялап, еркелетсең,
Ерте келіп қалардай Көктем кейде.

 

Біржан Ахмер

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation