Негізгі > Шәкәрім

Шәкәрімнің анасы қандай болған?

Абай Құнанбайдан асып туған бала болды. Ал Шәкәрім Абайдан өте туған ұл еді. Бұрынырақ «Абайдың өз балаларына қарағанда, Шәкәрім неге дара туды?» деп жиі ойлаушы ем. Қазір оның сырына қаныға түскендеймін. Шәкәрімнің Құнанбайдай абыз атасы, Абайдай ақылман ағасы бар еді. Оның барлығы Ақылбай, Әбдірахман, Мағауияларда да бар ғой дерсіз. Бірақ

Толық оқу...

Шәкәрімнің «Үш анығы» туралы үш ауыз сөз

Абайдың тәлім-тәрбиесін көріп, өмірін біліммен өрнектеген, әлем ойшылдарының еңбектерін жата-жастана оқып, парасат биігіне шыққан, Алашқа алғаш рет «Ұждан» философиясын еңгізген һәм алпыстан асқан шағында қу тіршілік қыспағынан қашып, тұран даланы аңсаған түз тағысындай тақуа ғұмыр кешкен, адамзаттың аяулы ақыны – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Дана халқымыз: «Білім – инемен құдық қазғандай», – деп

Толық оқу...

Тарихтан тағылым – өткенге тағзым

Семейдегі орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алаш» қозғалысының 100 жылдығы аясында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ақпарат сағаты өтті. Шараға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, философия ғылымының кандидаты Ерзат Жетібайұлы, Семей қаласының аналар кенесінің төрайымы Н.А. Моинбаева және Қайнар колледжінің студенттері қатысты. Шара қаза

Толық оқу...

Ш.Құдайбердіұлы: Балына қосып уын беріп, өсірген анам – қара жер

Анадан алғаш туғанымда, Жыладым неге дауыстап? Кіндікті кесіп қиғанында, Анамнан кеттім алыстап.   Ақ бұйымға орап алғанында, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғанында, Денемді әбден арулап.   Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. «Кіш-кішке» неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда.   Бір түнде жылап дамыл бермей, Ояттым неге анамды. Емізген оны қиын көрмей, Алды ғой демей мазамды.   Ақ сүтке әбден тойғанымда, Аштықты ұмыттым анықтап. Жылауды мүлде қойғанымда, Ұйқыда күлдім

Толық оқу...

Аруақты айнадан көруге болады. Сенесіз бе?

Аруақты айнадан көру туралы (Үш анығында) Шәкәрім мынандай әңгіме келтірген. «Италияда дүние аралап жүрген бір қатын айнаға қарап, киімін түзеп тұрғанда, Парижде қалған 13 жасар жиені айнада көрініп, «көрдің бе, шеше, мен өлдім» деген. Ол баланың, шешесі әлгі қатынның сіңлісі еді. Жақында жазған хатында ондай аманат жоқ еді. Келесі хатта жазбаса

Толық оқу...

Жамылсам деп Шәкәрімнің шекпенін

Атың қалды кең даланың төсінде, Жырың қалды керуен жылдар көшінде. Ойы орамды, мәнді сөзді жырлаған, Үнің қалды қазағымның есінде.   Қайда кетті, қалай кетті сұрақ бұл, Құз жартасы тектіліктің құлап бір. Қарт Шыңғыстың көз жасы да тиылмай, Төбемізде жаңбыр болып жылап тұр.   Нәрлі сөзге шөлдеген жан қанбай ма, Жырың тәтті нәр беретін таңдайға. Атаукере ішкізгендей қазаққа, Шәкәрімді сиғызбады-ау маңдайға.   Керек емес нар қазаққа

Толық оқу...

Өзгелерге сабақ боларлық Шаһкәрімнің “ХАТЫ”

«Қазақ тілі» газетінің басқармасына өтініш Шәкәрім ақынның ғасырға жуық уақыт бұрын "Қазақ тілі" газетіне жарияланған  осы бір хаты сол кездегі "қателікке" айтылған сөз ғана емес, қазірде де ақпараттың айналасында жүрген әрбір қызметкерге сабақ болатын дүние екен. "ЖЕРҰЙЫҚ"  «Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз екен. Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт) Физули өлеңінің басында айтқан: «А, Құдай!

Толық оқу...

ДІННІҢ ІШІ МЕН СЫРТЫ немесе мазмұны һәм формасы

Атеистік көзқарас бүгінгі таңда белең алған лаңкестікті, экстремизмді тек қана дінмен байланыстырады. Шындығында, экстремист – діндар адам емес. Экстремизмге барса, ол діннен ауытқығаны. Ал, лаңкестіктің, басқа да түрлі шиеленістердің терең әлеуметтік, саяси, психологиялық тамыры бар. Сондықтан лаңкестікті жасайтын діншілдер емес, өмірден өз орнын таба алмаған, бірақ ымыраға келгісі келмейтін адамдар.

Толық оқу...

ӘДЕБИЕТТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ. Шәкәрім

ӨСУ ЖОЛДАРЫМЫЗ (мақалалар) ӘДЕБИЕТТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ Бұл еңбегімді Советтік Қазақстанның қырық жылдық тойына арнаймын. Автор БІЗДІҢ ӘКЕМІЗ — ОКТЯБРЬ Сыланған қыздың көңіліне кір келер деп ойламай, мінін жарқыратып алдына көрсетіп беретін айна қандай болса, тарих та сондай. Біреу қолақпандай мінін қолындағы алтын жүзігіндей етіп көрсетемін десе де, тарих оның ырқына көнбей, жақсылық, жамандығын жарқыратып

Толық оқу...

ҮШ АНЫҚ. Шәкәрім Құдайбердіұлы

ҮШ АНЫҚ Мен жан жоқ өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? СӨЗ БАСЫ Адам ақиқатты бас

Толық оқу...