ЭКСПО да – Абай арманы

604

ЭКСПО да – Абай арманыТәуелсіздіктің 20 жылдығын енді ғана еңсерген шағында Қазақстанның халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізуге тәуекел жасауы – армандарды бағындыруға деген құштарлық белгісі секілді. Иә, ол қандай арман? Ол – ел тәуелсіздігі жолында жандарын шүберекке түйіп, бастарын бәйгеге тіккен Алаш арыстарының арманы! Алаш арыстары нысана тұтқан Абай арманы!

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жүзеге асып жатқан елдік мақсат пен мәңгілік мұрат жолындағы қадамдардың да барлығы Абай арманымен астасып жатыр. Қалың елі қазағының қараңғылықта қалып қоймай, еңселі елмен есіктес, тегеурінді елмен терезелес болуын көксеген Ұлы Абай арманы – ұлттық мұратқа ұласты. Ұлт мұраты адамзаттық мәселелермен өзектес болғанда ғана өміршең екен. «Мың өліп, мың тірілсек те» елдік тізгінімізді сақтап қалуымыздың аржағында сол бір өлмейтін сөз, өміршең ойлардың қуаты жатыр. Ел Тәуелсіздігінің алғашқы кезеңінде-ақ Ұлы ақынымыздың 150 жылдық тойының ЮНЕСКО көлемінде аталуына сол бір қуатты даналықтың әсері болғаны анық.

Иә, Абай арманы шексіздігімен де, маңыздылығымен де бағалы. «Адамзаттың бәрін сүюге» шақырған Абай даналығы қай дәуірдің болмасын ең өзекті мәселесінің түйінін тарқатарлық, халықаралық ынтымақтастықты арттырарлық қағида іспетті. Таяуда, Астанамызда алауын жаққан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің де бар мақсаты, ұстанған бағыты адамзат игілігіне лайықты үлес қосу емес пе? Кешегі алып Одақтың орнықтырып тастаған жүйесінен арылып, жаңа жол қалыптастырып келе жатқан жас мемлекеттің халықаралық мәслелерде жетекіші рөлдерге ие болуы талайды қызықтырып та, қызғандырып та отыр. Бірақ, батыл да байыпты қадамдар жасалмай Мәңгілік ел мұратына жақындау мүмкін бе?

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрме тізгініне қол жеткізіп, қазір сол оқиғаның ортасында жүргендіктен кейбіріміз оның қадір-қасиетіне бойлай алмай жатуымыз мүмкін. Алайда, әлем назарында тұрған ерекше көрме елімізге өздігінен келе қалды ма. Зерсалып қарасаңыз,  «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін қай елде өткізу мәселесі 2012 жылы Парижде талқыға түсті. ЭКСПО халықаралық көрме бюросындағы жасырын дауыс беру кезеңінде Астана қаласы 103 мүше-мемлекеттің дауысына ие болды. Ал, қарсылас болған Льеж қаласы 44 дауыс қана иемденген. Нақтылай түссек, Астана қаласының соншалық алшақтықта айқын түсуіне негізгі ықпал –көрме атауы болған. Көрменің «Болашақ энергиясы» аталуы сарапшылар қызығушылығын тудырып, оларды көбірек ойландырған. Индустрияны жаңа сатыға көтеріп, технологиялық жетістіктерді арттыруда қуат көзінің орыны бөлек. Оның үстіне біздің елдің «жасыл экономикаға» да басымдық беруі сарапшыларды ортақ мәмілеге келтірген. Бір сөзбен айтқанда, 20 жастағы Тәуелсіз Қазақстан бастамасының адамзат игілігі үшін өзектірек екенін түсінген. Сонымен бірге, бұл жеңіске Елордамыздың заманауи келбеті, даму қарқыны мен бірнеше беделді деген халықаралық басқосуларды абыроймен атқарып келе жатқандығы да өз септігін тигізгені мәлім.

Жалпы, ЭКСПО көрмесінің негізгі бағытының бірі – ұлттық құндылықтар мен елдік сипатты даралайтын көріністерді паш ету. 1851 жылы Англияның Хрусталь сарайында өткен ең алғашқы ЭКСПО көрмесінің тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» деп аталған болатын. Уақыт өтіп, заман жаңарған сайын әр елдің техникалық бәсекелестігі арта түскенімен ұлттық мұраны, рухани қазына мен ерекше дәстүрлерді дәріптеуі қалыс қалған жоқ. Бұл бағытта да «ЭКСПО – 2017» көрмесінен кең орын алып, Қазақ елінің терең тарихы мен ұлттық болмысын әйгілейтін  құндылықтарымыз салтанат құрмақ.

Жаһан жұрты көз тіккен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің мерекелі де берекелі  жалғасып, ойдағыдай өтуіне Абай шаңырағы да алғашқы күннен тілеулестікпен атсалысып келеді. «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі» РМҚК директоры Болат Жүнісбекұлының басшылығымен бірнеше нақты қадамдар жасалды. Соның қатарында «ЭКСПО-2017» құрметіне «Visit-abaisemey.org»  атты арнайы сайт іске қосылып, Бас мұражай залынан «Болашақ энергиясы – адамзат игілігі» атты көрме ашылды. Мұнда келушілер «ЭКСПО» көрмесінің тарихы мен қазақ жұртының осы әйгілі көрмемен байланысы туралы мағлұматтар алады. Елбасы еңбегі мен Қазақстан беделіне лайықты пікірлер топтасқан. Ден қойған жан аты әйгілі бұл көрме қазақ халқы үшін жат емес екендігін де аңғарады. Халықаралық көрмеге арналған сөрелерде көрнекті орын алған көріністің бірі – Әміре Қашаубаев бейнесі. Ән атасы Әміре 1925 жылы Парижде өткен ЭКСПОда ән салған тұғыш қазақ екеніне түсінік берілген. Ә.Қашаубаев орындауында Эйфель мұнарасын жаңғыртқан қазақ халқы әндерінің тізімі де жазылғн. Осы және өзге де безендірулер мен экскурсант көмегі музейге келушілерге мол мағлұмат бреді.

Жалпы, мақаламызды «ЭКСПО да – Абай арманы, елдіктің айнасы» деп атаудағы негізгі ойымызды тағы да толықтыра түссек. Ұлы Абайдың өз қолымен жергілікті өлкетану музейіне бірқатар заттар тапсырғанынан бөлек ұлттық құндылықтарымыз бен этнографиялық ерекшеліктеріміздің халықаралық көрмелерде дәріптелуіне де ол өте ынталы болған. Осыдан біраз жыл бұрын Абай мұражайының мамандары Омбы қаласының орталық архивінен Бас ақынымызға қатысты тың құжаттарды кезіктірген. Ол – Абай Құнанбайұлының 1902 жылы Санк-Петербургте өткен «Әлем халықтарының ұлттық костюмдері» атты халықаралық көрмеге екі киім үлгісін жібергендігі туралы деректер. Бұл деректер сол мұрағатта «Документы (список экспонатов, акт, переписка) об участии отдела международной выставке в Санк-Петербурге» деп белгіленген №86-қор, 1-тізбе, 121-іс бумасында сақталған.

Түйіндей келгенде, Абай арманы – Алашорда идеясы – Тәуелсіз Қазақстан мұраты, бұлар бір-бірінен ажырамас, бір-бірін толықтырып тұратын тұтас идеологиялық арна дегіміз келеді. Сол арнаның бір қайнар көзі болып есептелетін ұлы ақынның киелі шаңырағы – Абай музейі елдік мәселенің ешбірінен қалыс қалып көрген емес. Бас мұражайдағы «Абай арманы» залында «Болашақ энргиясы – адамзат игілігі» атты ЭКСПОға аранлаған көрме мен қатар тағы бірнеше логикалық үндес тақырыптар қамтылған. «Әлем таныған Қазақстан», «Астана – Елордасы елімнің», ««Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» т.б. тақырыптарды қамтыған көрме залдан Алаш арыстарының еңбегіне де орын брілген. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» атты тақырып аясында «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің 100 жылдық тарихы қамтылған. Осы тақырыптардың барлығы біріге келгенде мұражайдың Абай арманына арналған залы тұтас ел мұратымен астасып жатқанын байқайсыз.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі сонымен бірге қазір «ЭКСПО-2017» павилионына көрме апарып қайтты. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» аталатын Бас мұражай көрмесі шартараптың басын косып жатқан салтанат орталғында аталған көріністерді барынша паш етті.

Қайрат Зекенұлы,

 Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

 мемлекеттік қорық-музейінің

жетекші ғылыми қызметкері.

  Charles Tapper Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз