Шәкер абыздың Елбасына берген батасы

303

Шәкер абыздың Елбасына берген батасы

 

Редакциямыз «Елбасына бата берген Шәкір Әбенұлының болжамы тура келді» деген мақала жариялаған болатын. Мақала авторы Шәкір мұражайының қызметкері Көлембай Әлімбеков абыз туралы естелігін әдемі жеткізген. Мақала ішінде Елбасыға берген абыз батасының мәтіні енбесе де бата мазмұнынан хабары бар редакторымыз материалға жоғарыдағыдай тақырып қойған (Расында болжамы тура). Мақалаға орай пікір жазған портал оқырмандарының «Атамыз қандай бата берді екен?» деген сұрақтарына орай Шәкір абыздың Алматы сахнасында, бүкіл ел алдында Елбасына берген бата мәтінін ұсынып отырмыз. Осы бір құнды дүниенің оқырман алдына қайта оралуына ойтүрткі болған пікір иелеріне зор алғыс!

 

 Шәкір ақсақалдың батасы: 

 

Сарыарқа – туған жерім, елім – қазақ,

Қазақ елі ежелден көкседі азат.

Көп естіп, көпті көріп, аз білсем де,

Мен бір ғасыр куәсі – экспонат.

 

Біз көрген зобалаңда, қуғын-сүргін,

Енді ешкім көрмес үшін

қанды қырғын,

Бар ұлттың тілін тауып, табыстырған,

Нұрсұлтаным, жұлдызың жанды бүгін.

 

Зерек ақыл, зерделі ой, батыл жүрек,

Жаманат жапсыра алмас жатың тілеп.

Қарадан хан туған деп қадірлеген,

Қазағың ғұмырыңды отыр тілеп.

 

Абылайым бүгінгі Сен емес пе?

Қазағым өзге жұртпен тең емес пе?!

Халқыңа Тәуелсіздік нұрын шаштың,

Тар асу, тайғанақ жол, кер белесте.

Ақ киізге көтеріп, хан сайласқан,

Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?!  – деп  батасының кіріспесін арнау өлеңмен өрбітіп, ең негізгі айтпақ ойын одан былай жалғаған:

Халқың сүйген перзенті екенсің, енді сол халқың айтар бата берейін. Қазақта бата деген екі түрлі болады: бірі — негізгі бата, екіншісі – лебізді бата. Негізгі бата – халықтікі. Халық қастерлеген басшысына адал қызметі үшін батасын өзі береді. Лебізді бата дегеніміз – халықтың тап­сыр­ған аманат-тілегі, келешекке үміт-сенімі. Ол, негізінен, үш міндетке саяды:

Бірінші, дүниенің бар игілігін өндіретін жұ­мыс­­шы, диқан, мал өсіруші қауымның та­бан ақысын, маңдай терін зая кетірмей, ысы­рапқа ұшыратпай ұқсатып, халықтың қа­жетіне, игілігіне жарату;

Екінші, осыған кедергі жасап, кесел келті­ре­тін суыққол сұғанақтарға, қиянатшыл-зор­лық­шыл зұлымдарға тыйым салу;

Үшінші, қошеметшіл жағымпазға бой ал­дыр­­май, өз ісіңе де, өзгеге де сын көз­бен қа­рап, қате кетсе, өзің түзей білу. Осы үш та­лап үдесінен көрінген басшы ел сенімін ақ­­тары шүбәсіз, анық. Ендігі менің ле­бізді батам, тұжырым-түйінім мынау: Иллаһи аумин! Халыққа береке, мынау қиын заманда бірлік беріп, ел тізгінін ұстап, еркіндікке жет­кізген Нұрсұлтанның атақ-даңқы, абы­ройы зорайып, тарихтың бетіне басылатын бол­сын!..

Аллаһу акбар!

«Жерұйық» порталы

 Corey Bojorquez Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз