Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенген

320
Шығыс Қазақстанда 3 көлік өртенген
http://8plus1.ru

Соңғы кездері автомобиль өртену дерегі жиілеп кеткен. Өткен демалыс күндері «Өскемен-Семей»тасжолының бойында келе жатқан «БМВ» көлігінің қозғалтқышынан тұтанған өрт 4 шаршы метрді жалмаған. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың одан әрі таралуына бой бермей, адамдар аман қалды.

Зайсан ауданында Теректі ауылына бағыт алған «Ауди» көлігі жанып кетті.

Ал үшінші оқиға Семей қаласындағы Дулатов көшесінің бойында орын алған. Бұл жерге өрт сөндірушілер жедел жетіп, қызыл жалын тез ауыздықталды. Өрт сөндіруге 5 адам мен бір техника қатысты. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Болат Көкенайұлы
 www.24.kz

 Marquis Haynes Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз