Қытайдың оңтүстік-батысында лай көшкіні жүріп, 2 адам қаза тапты. Тағы жиырма бес адам ұшты-күйлі жоғалған. Жергілікті арналардың хабарлауынша, табиғат апаты Гуйчжоу провинциясындағы таулы аймақта болды. Мұнда жотаның бір бөлігі опырылып, мың текше метрге жуық лай сайға аққан. Ол Бицзе елді мекеніндегі 30-ға жуық құрылысты қиратты. Қазір оқиға орнында іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр. Құтқарушылар қиранды астынан алты адамды аман алып шықты.
24.kz Robert Quinn Authentic Jersey