Заң сыйламайтын, білмейтін азамат ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді

583

Заң сыйламайтын, білмейтін азамат ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді

Бүгін Конституция күні! Ата Заңымыздың айбыны асқақ, еліміздің байрағы биіктерден желбірей берсін.

«Конституция» – латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.

 Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі «билль» деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.

Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ 1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік ережелеріне көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Осыған орай 1995 жылы Конституция қабылданды. Жаңа Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

Конституция – мемлекеттің, оның ішінде қоғамның тынысын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның бірі Ата заңымыз Конституция. Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәнінің бірі етіп оқытады. Заң сыйламайтын, білмейтін маман ертең еліне қызмет ете алмайды, пайда келтірмейді. Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғанынан бастап, сол XIII-XV ғасырдан бері бізге белгілі, Алтын орда дәуіріндегі Шыңғысханның «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін «Есім ханның ескі жолы», Тәуке хан тұсында «Жеті жарғы» пайда болды. Қасым ханның заңында «қанға қан» принцип болса, Тәукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды.

Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жазылады, қабылданады. Конституциясыз мемлекет тіршілік жүргізе алмайды, Ата Заңсыз мемлекет болмайды, Конституция – тірек заңымыз. Ал осы заңның негізінде басқа заңдар қабылданып, тармақталып жатады. Мемлекеттің болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы ебептен Ата заңды – Конституцияны құрметтеу қажет.

 Paul Richardson Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз