Қателесіп аударылған 358,4 млн. теңгені студент қыз қалай ұстады?

383

Оңтүстік Африка Республикасында 27 жастағы студент Сибонгиле Мани 1400 рэнд (шамамен 36 мың теңге) көлемінде әлеуметтік шәкіртақы алады. Таяуда банк қателесіп оның карточкасына 10 мың студенттің шəкіртақысын, яғни 14 миллион рэнд (358,4 млн теңге) аударып жіберіпті. Қыз «тағдырдың сыйын» пайдаланып қалуға шешім қабылдайды, деп жазды baq.kz.

 Шотына қомақты қаржы түскенін білген студент алдымен сыртқы келбетін өзгертеді. Келесі күні университетке 74 мың теңгенің шаш үлгісін жасатып келген. Қымбат киімдер мен айфон 7 сатып алыпты. Сонымен қатар, Сибонгиле жақын достарын да жарылқап, қымбат киімдер сатып әперіп, салтанатты кештерге ертіп барыпты.

Қателесіп аударылған 358,4 млн. теңгені студент қыз қалай ұстады?

«Ол әдемі көйлектер кие бастады, біз лотереядан ақша ұтып алған шығар деп ойладық», – дейді Сибонгиленің курстасы.

Студент қыз екі жарым айдың ішінде біздің ұлттық валютамызға шаққанда шамамен 21,3 млн теңгені жұмсап жіберген. Әрине, студенттің жүріс-тұрысынан айналасындағылар, әсіресе ірі көлемде ақша жоғалғанын білген университет басшылығы күдіктенген. Олардың күдігі дұрыс болып, банк студенттің шотына ірі көлемде ақша аударылғанын растады. Оның картасындағы ақша университеттің шотына қайтарылды, алайда студент көңіл көтеруге жұмсаған ақшаны төлеуі тиіс.

Сибонгиленің алдағы тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Orlando Scandrick Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз