Семейдегі Түйемойнақ аралының тарихи атауы керексіз болып қалды

475

Семейдегі Түйемойнақ аралының тарихи атауы керексіз болып қалдыСемейде жарты жылдан астам коғам талқысында болған Лениен көшесінің атауы мен Түйемойнақ аралы атауын өзгерту жайы ақырында соңына жетті. Қалалық мәслихат депутаттары құрамы қатысуымен өткен қоғамдық талқылау жиынында (жиын төрағасы депутат Р.Шілдебаев) басым дауыспен Ленин көшесін «Мәңгілік ел көшесі» деп атау жөнінде шешім қабылданды. Талқылау барысында, әрине, өзгеріссіз қалдыру керек деген қарсы пікірлер де болды. Қарсы пікірдің көшбасында семейлік өлкетанушы Павел Жуков өз пікірін көлденең тартқанымен, оның «Кеңес өкіметінің жақсылығы» туралы  кейбір сөздері бірқатар қатысушылардың ашуын тудырды.

Осы жиында қарастырылған екінші сұрақ – «Полковник аралы» атанып кеткен демалыс орынын «Бейбітшілік аралы» деп атау мәселесі болды. Бұл жерде жергілікті ономастикалық комиссияның ол аралдың тарихи атауы барына қарамастан жаңа атауды қабылдау туралы шешім шығарғанын орынды деп айта алмаймыз. Себебі, бұл аралда осы уақытқа дейін ресми атау жоқ. Кеңес қоғамы кезінде жабысқан «Остров полконичий» атауы атқамінерлердің аузында жүргенімен жергілікті халық бәрібір «Түйемойнақ» атап келді. Оның үстіне Алаш арыстарының жиыны өткізген, Қажымұхан өнер көрсетіп, Әміре, Майралар ән салған тарихымыздағы маңызы ерекше орын еді. Ендігі атауының жағдайы болса, мынау…

Сонымен, қалалық мәслихат залында қаралған қаралған екі сұрақтың бірі Еліміздің рухани жаңғырумен астасып жатса, екіншісі керісінше болды. Олай дейтініміз, ежелден қанша заманауи өзгерістер болып келсе де ел аузында «Түйемойнақ» аталып келген әдемі атау адыра қалды…

«Жерұйық» порталы Brian O’Neill Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз