Әуелі эфирді «жолбикелер» мен тоқалдардан тазарту керек

342

Соңғы  уақытта қоғам талқысына түскен тақырыптың бірі – Қазақстанда журналистерді даярлау мәселесі. Бұл төңіректі журналистика жанашырлары өзекті тақырыптан өздерін аулақ салмай, орын алып отырған жайлардың біразын тілге тиек еткен екен. «Жерұйық» порталы.

 

Әуелі эфирді «жолбикелер» мен тоқалдардан тазарту керек

 Арман Сқабылұлы, тәуелсіз журналист: – Журналистика факультеттерін жабу дегенмен келіспеймін. Керісінше,   журфактарды модернизациялап, жаңа технологиямен жабдықтап, практик мұғалімдерді көбейтіп, деңгейін көтеруіміз қажет. Негізгі проблема осы. Медиа Альянс деген журналистиканы қорғау үшін емес, құрту үшін құрылған сойыл соғарлардың ұйымы секілді. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай журналистика факультеттерін жабуды қолдап отыр. Орыс тілді журналистиканың түгі кетпес. Сорлайтын тағы қазақтілділер. Өз басым оны мойындаудан бас тартамын. Мүше де болмаймын. Бізге жаңарған, тəуелсіз Журналистер Одағы қажет! Журфакты жоюдан гөрі, эфирді «жолбикелер» мен тоқалдардан тазарту мәселесін көтерсе дұрыс болатын еді.

Қазіргі журналистика қай деңгейде дегенде, әрине, сапасы сын көтермейтінін айтамыз. Ал енді оның сапасыздығына жалғыз себепкер – ЖОО емес қой. Қазір отандық арналардың 70 пайызы жолдан қосылғандар. Журналисткиаға үш қайнаса сорпасы қосылмайтындар. Оның үстіне Арман Шораев «заңгер сол саланың мықты маманы бола алады» депті. Айтыңыздаршы, бізде қазақ тілінде қатырып жазатын, сөйлейтін заңгер қайсы? Әрине, саусақпен санайсыз. Оның үстіне біздегі құжат жүргізу процессі ресми тілде. Демек, тағы да қазақ тілді БАҚ сыйырқұймышақтап қалады. Мен салалық журналистиканы әбден қолдаймын. Бірақ, басқа саладан маман тарту дегенқа қарсымын. Арманның өзі де, басқа саланың маманы.

Журфактың міндеті – толық маман әзірлеу емес. Теорияны оқыту. Үйренуге үйрету. Журфак негізгі техниканы үйретеді. Ал қалғаны – практиканың міндеті.

Жамбыл облыстық «Ақжол» газетіне КазГУ-дің журфагынан барған (1989 ж.) соңғы кадр менің курстасым Баққараев екен! Қалғандары аймақтардағы журналистика факультеттерін бітіргендер. Енді не істейміз? Аймақтардағы басылымдарды да «өлтіреміз» бе? Әлде әншілер мен «тоқалдарды» сонда жібереміз бе?

 

Дереккөз: http://abai.kz/post/61530 Cody Kessler Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз