«Қазақфильмді» СЕМЕЙГЕ КӨШІРУГЕ қалай қарайсыздар?

552

«Қазақфильмді» СЕМЕЙГЕ КӨШІРУГЕ қалай қарайсыздар?

Тарихы мың жылдыққа ұласқан ұлылар мекені Семейдің ел руханиятындағы орыны ерекше. Қай заманда да қарт Семейдің қадырі жоғары. «Семей бір губернияның жүрегі мен миы» (Ж. Аймауытов) деп танылған қала қазір де ел мәдениетінің алтын бесігі ретінде бағаланып келеді. Көне ғасырларда үстінен Жібек жолын өткізген мекен бүгінде де тоғыз жолдың торабы. Негізінен, шағын және орта кәсіптің күшімен экономикасын сақтап тұрған қаланың даму қарқынына дем беретін тың бастамалар керек-ақ. Жанашырлықпен әркез талай ұсыныстар да айтылды. Ал, осы жолы белгілі журналист, қаламгер Махат Садық өте бір сәтті ой ұсыныпты. Айтқанына зер салсақ, Семейді SEMEIWOODқа айналдырудың жолы сайрап тұрғандай. Әлеуметтік желідегі парақшасындағы «Қазақфильмді» Семейге көшіру жөніндегі жазбасы біраз жұрттың жанына жақын келгендіктен қолдау білдірген пікірлер де үдей түсуде. Біз де сол тілектің қатарында болғандықтан парақшасындағы  СЕМЕЙІМ – МЕНІҢ SEMEIWOOD атты пайымын «Жерұйық» оқырмандарына ұсынып отырмыз.

СЕМЕЙІМ – МЕНІҢ SEMEIWOOD

Еліміздегі үлкен ауылға айналған қала Семей. Орталықта концерт десеңіз 4-5 сағатта артисін іздеген 10-15 мың үлкенді-кішілі көрермен жинала салады. Жүру құны 80 теңгелік автобустар кешкі жетіден тоқтайды. Жетіден кейін көлігі барлар аялдамада автобусқа үлгермеген тұрғындарды 100 теңгеден тасымалдайды. Сағат тоғыздан қалада толық тыныштық. Семейліктер бір кәсіпті меңгерген профессионалдар. Бәсекелестік ерекше, бюджеттік бір жалақыға бірнеше адам кезекте тұрады. Сондықтан да мамандықтың майталманы болу міндет. Аяз ай бойы Астанадағыдан бетер. Соған жылап, ФБ-де селфилеткен ешкім жоқ. Баға мен жалақы Астана мен Алматыдан 2-3 есеге төмен. Семейдегі ЖОО барлық облыстардан, шетелдерден студенттер оқиды. Арзан, сапалы, жатақханалы. Өткенде Шәкәрім университетінің шақыруымен семейлік студенттермен кездестім. “Тұрғындар әкімдікке жалтақтай бермейтін евростандарттық қалаға айналды. Мақсат өз кәсібінде мықты маман болу” дейді. Облыс, болмаса орталыққа бағынатын қала статусы туралы жастар пікірі: “солай болғанда 150-200 бюрократ-шенеунік келеді екен. Онан да сол қаржы тұрғындардың әлеуметтік мәселесіне берілсе” деген ыңғайда.

АҚШ-та қәзір бұл трендте. Ендеше Американдықтар 100 жыл бұрын өткен Рухани жаңғыруын айтайын. Ол кезде Европаға тәуелді АҚШ Конгресі Рухани мықты, мәдениеті өзгелерге өнегелі ел болуды жоспарлайды. Алдымен, Нью-Йорктегі барлық киноөндірісті Лос-Анжелстегі Hollywood-қа көшіреді. Себеп, кино мамандары үлкен қалада басқа да кәсіппен айналысып, өнерге “халтура” қөзқарасында жүрген. Калифорния штатындағы шағын қалашықта олар еріксіз Киномен ғана айналасуға мәжбүр болған. Нью-Йорктағыдай сан-сала бизнес жоқ. Тек текті өнер. Содан бері жүз жыл өтті, Голливудта 200 мыңдай ғана тұрғын бар. Хош, сонымен 20 жылда Голливуд өнері Европаны биледі. Американдар рухы жаңғырып, спортшылары Олимпиада да бірінші орынға шықты. Осы нәтижеге жеткенде әйгілі президент Т.Рузвельт Мәдениет және Спорт Министрліктерін таратып жібереді. Американдықтар Рухын көтерген тұлғаларды ешкім билеуге құқысы жоқ. Ақшаны Финанс Министрлігі бөледі. Адам жан-дүниесі “бюрократ министрге” тәуелді болса, ғажап өнер тумайды дейді. Содан бері Әлемнің 90 % шикізаты, жер бетіндегі барлық мемлекеттер АҚШ долларына қызмет жасайды…

Соны қайталап, қарапайым қалаға айналған Семейге “Қазақфильмді” көшірсек, жаңғырармыз. Семейде Астана мен Алматыдағыдай ақша жоқ. 2-3 жұмыс жасап жалақы табытын тағы ешкім жоқ. Жұмыс орны тапшы. Мұнда амалсыздықтан, озық елдердей “бір адам- бір кәсіп-бір мамандық” принципі. Көз көріп жүрген КИНОТЕЛЕ неге өспейді? Таланттар бар. Сол таланттар, қазына қаржысына жақындар: продюсер, диктор, режиссер, актер, сценарист. Оған қоса: ресторан, қонақ үй, сән салоны, фитнес қожайындары. Талант қанша жерден Ғұлама болса да, бір адам мұның бәрін жасай алмасы анық. Нәтижесі “шолақ, шала жансар” өнер. Ал олар Семейге барса бір мамандықпен ғана шұғылданады. Басқа амалдары болмайды. Ол өркениеті өрелі, өнегелі елдер қағидасы. “Бір адам бір кәсіппен айналыссын.” Міне, бәрімізге үлгілі американдықтар жүз жыл бұрын өткен Рухани жаңғыру ережесі осы. Семейвуд соған сай, біздің Голивуд. Триллер түсірсен полигон жанында. Өндіріс десеңіз Павлодар мен Өскемен тиіп тұр. Таулар мен дала жетеді. Тұрғын үй арзан. Семейліктер де аз ақшаға қызмет жасап, профессионал болуға дайын.

P.S. тездетіп отандық киноиндустрияны жаңғыртпасақ, басқа ойдағы бақталастар біз туралы басқа пиғылмен кино түсіре бастайды. Нәтижесінде Шоуға шалдыққан жас ұрпақ сол шалшықта шатасады.

https://www.facebook.com/makhat.sadyk John Lynch Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз