Көш тоқтамапты. Серік Мұқыштың суреттері көшіп жүр…

629

«National Geographic Қазақстан» сайтында жарияланған Қытай қазағы, белгілі фотограф Серік Мұқыштың фотосуреттері , оқырмандар таңданысын тудырып жүр. Біз де таң-тамаша болып, сүйсініп отырмыз. Бірақ, суреттерді автор өзі ақ-қара түспен жариялауын өтініпті. Жалпы, қазақтың ұлттық бояуы мен ұлттық мінезі, болымыс бітімі дәлме-дәл түсірілген. Төбе құйқаңызды шымыр еткізер тылсым күшке ие. Тарихтан тамыр алған табиғаттың төл бауыры  Қазақ ұлтының ұлы көшін, тәуелсіз, бейбіт бейнесін, маңғаз тұлғасын  басқа ғаламға тізгінін босатқан бүгінгі буынға әлсін-әлсін емес, «міне, қара, сенің нардай өр тұлғаң, керуендей кербез де келбетті едің, шағи белдерде шаңырағың, құба жондар мен ыстық құмдарда ізің қалған, ұмытпағайсың мәңгілік» деп үн қатып тұрғандай.

Осы суретке арқау болған Қытайдағы қандастарға мың алғыс. Көркемсурет жинаймын деп қызы-жазы көшіп жүрген фотографқа тіпті ризамыз. Көш келбетін жадымызда сақтай алмасақ та, осы сайттан қарап отырсаңыздар телефондарыңызға көшіріп алыңыздар, артық етпес.

Қытайдағы қазақ көші

«Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінің қазақ салтын бұрмалап көрсеткен фоторепортаждары менің осы жолға түсуіме бірден бір себепші болды. Фотограф болып, сапарға шыққаныма 23 жыл толыпты. Соның ішінде 2006 жылдан бері қазақ көшін бақылап келемін. Бұдан кейінде түсіре бермекшімін», – дейді Серік Мұқыш.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Шыңжаңның солтүстігіне орналасқан Алтай аймағы –Еуразия құрлығының бүйірі саналады. Бұл өлке қазақтары өзіне тән неше мың жылдық тарихы бар көші-қон дәстүрін берік сақтап келеді. Сондықтан да, Қытайдағы басқа ұлт өкілдерінен тұратын тілшілер, фотографтар қазақтың осы көшінің ерекшеліктерін елдің іші-сыртына барынша насихаттаған.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Ондай фотографтардың көші-қон тақырыбындағы фото шығармалары ел ішінде де, халықаралық деңгейде де жүлдегер атанып жүр. Сондықтан болар, Алтайдың жазы мен күзіндегі көшіп-қону мезгілінде неше мыңдаған басқа ұлт фотографтары Алтай тауынан табылады.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Көшпелі қазақтың өмірі қандай, салты ше? Көші-қон барысындағы тұрмыс-тіршілігі нешік?

Қытайдағы қазақ көші

«Дәл осы тақырыпты таңдап, өз ұлтының өмірін, мәдениет-салтын, олардың тағдырына тереңдей барлап фотоға түсіру тек қазақтың ғана қолынан келеді деп білемін. Осы оймен 2009 жылдан бастап көші-қон тақырыбын түсіруді жоспарлап, деректі фотоның құдіретін әйгілеуге күш салдым», – дейді Секең.

Қытайдағы қазақ көші

Автор Шыңжаңның Алтай аймағындағы Алтай қаласына қарасты өңірдегі қазақтың көші-қон өмірін, шынайы қиыншылықтарын түсіруге ыңғайлы келетін Сарқусын және Алақақ ауылдарының көш жолдарын фотоға түсіруді таңдады. Осы түсірілім Алтай қаласына қарасты Шеміршек, Сарқусын жайлауларына баратын көш жолындағы Аятолла отбасының өмірінен хабар береді.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

«Көш басталғалы жаңбыр толастамады. Күн сайын жаңбыр. Тіпті, кей күні 11 сағатқа дейін жауады. Иә, мұндай жағдайды көзіммен көріп, жаныммен сезіндім», – дейді автор.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Ал көші-қонның ең жапалысы, ең ауыры– қысқы көш.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Бұл көште Алтай қаласының Алақақ ауылының малшылары бейнеленген. Алтайдың қысы қатты әрі ұзаққа созылады, оның үстіне қорға деп әзірленген жем-шөп шекті болғандықтан, күйі жақсы қойларды Сауыр тауына апарады.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Олар Ертіс өзені бойындағы қыстауларынан 300-400 шақырым шалғайдағы қысы жайлы Сауыр тауына аққар, көкмұз жастанып, 3-4 күнде зорға жетеді.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Солтүстігін Алтай тауы, оңтүстігін жоңғар ойпаты иеленіп жатқан бұл аймақтың 33 пайыз жері тау сілемдерінен тұрады. Ал 46 пайызы қуаң жер.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Алтай аймағы тауларының биігі теңіз деңгейінен 4375 метрге дейін жетеді. Мұнда 360 мыңға жуық қазақтар тұрады. Олар осы өңірдегі жалпы халық санының 54 пайызын құрайды.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Шығыс солтүстігі Моңғолиямен, солтүстігі Ресеймен, ал батысы Қазақстанмен шекараласып жатыр. Қайнары Алтайдан басталатын Ертіс өзені бұл елдегі бірден-бір солтүстік мұзды мұқитқа құятын өзен саналады. Мұнда шамамен 160 мың қазақ ұлты мал шаруашылығымен айналысады. Бұл осы өңірдегі қазақтардың шамамен 45 пайызына тең.

Қытайдағы қазақ көші

Көшке қамдану алдындағы бір сәттік демалыс. Ит те ұзақ сапар алдында тынығып жатыр.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Аз тыныстағаннан соң көш қайта жалғасады.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Көш қамына кіріскен үлкендер кейде баланы да ұмытатын кездері болады. Қазақ ертегісінде жиі кездесетін «көште қалған бала» туралы әңгіменің төркінінде шындық жатыр-ау…

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Көш көлігі үшін ерекше бағалы мал – түйе. Түйені қазақ сиырдан сирақты деп ардақтап, «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой» деп көшке бола оны ерекше бағалаған.

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

Қытайдағы қазақ көші

© nur.kz

 Geron Christian Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз