А.Исин: ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ НЕГЕ ОРЫНДАЛМАҒАН?

476

Семейде Елбасы кітабын талқылағанда саясатқа кесірін тигізетін жалған ақпарат мәселесіне назар аудардым. Жоғарыға өрлетілген сондай жaлған есепті негізге ала отырып, «2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың үлесін 95 процентке жеткізу» көзделіпті. Іс жүзінде этникалық қазақтардың өзі ондай көрсеткішке жеткен жоқ, тіл білмес министрлер талай масқара болған. Елбасы ондай тапсырма берсе, неге орындалмаған? Елбасы кітабында 2010-жылдықтың «орта тұсында əрбір бесінші қазақстандық ағылшын тілінде сөйлей бастады» делініпті. Елбасыға жалған ақпарат берудің шектен шыққан үлгісі осы болар. «Сөйлей бастады», яғни ол тіл арқылы əңгімелесе алу. Жоғары мектепті алмағанда, қалың халықтың қаншасы ол тілді шамалы меңгерген екен? Халықтың ішінде жүрміз ғой. Жүздің бірі ме, екі жүз адамның бірі болар ма – одан да аз болар. Жалған ақпар билікті шатастырмай ма?! Апострофты аліпбиді де халық талқылап, қолдады деп, қол қойғызды ғой. «Бəрінен де бұрын бірегей мемлекеттік тіл» деп тұр ғой Елбасы. Осыны неге шын жүзеге асырмасқа!

 

Дереккөз: https://www.facebook.com/amantay.isin

 Tamba Hali Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз