Саңлақ әнші сахналанды

468

Таяуда Семейдің Абай атыСаңлақ әнші сахналандындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының репертуары «Жәнібек ән салады…» атты жаңа спектакльмен толықты. Драмалық шығарма авторы Семей қаласының құрметті азаматы, ардагер журналист-жазушы Дәулет Сейсенұлы. Саңлақ әнші, үлкен өнертанушы, ойлы жазушы, дара орындаушы Жәнібек Кәрменов тұлғасын сомдауға арналған спекталь режиссері театрдың көркемдік жетекшісі Ербол Жуасбек.

Спектакльдің «Жәнібек ән салады…» деп аталуының өзіндік себебі де жоқ емес. Орта буыннан ары қарайғы қауымның көңіл төрінен «Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады» деген тәмсіл әлі ескіре қойған жоқ. Алтын дауысты Жәнібек пен аңғарлы ғалым Ақселеу Сейдімбектің кезіндегі «Қазақстан» телеарнасында халқымыздың ән мұрасын насихаттауға арналған циклді сұхбатты көрерменде өзіне баурап, бағдарлама халық арасына жоғарыдағыдай атаумен аталып кеткен.

Сол себепті де, Дәулет СейсенұлСаңлақ әнші сахналандыының «Жәнібек ән салады…» шығармасында әнші, жазушы, қазақ КССР-нің еңбек сіңірген артисі Жәнібек Кәрменовтың өмір жолы сахналық көріністермен айшықталып отырады. Қасиетті Қарауыл топырағында түлеп, жастайынан Абай тағылымына адал ағалардың тәлімін көріп, өнерін ұштаған жастүлек Жәкең асқан талантының арқасында Ақиыққа айналып, Алаш аспанында еркін самғайды. Кәмен Оразалин, Кәрім Нұрбаев жетекшілер арқасында Жүсіпбек Елебековтей кемелдің шәкіртіне айналып, ұстаз ұлағатын бойына мол сыйдырған ол тарлан тұлға болып қалыптасады.

Жалпы, Жәнібек Кәрменов сан қырлы тұлға. Сондықтан, туынды авторы авторы бас кейіпкерінің әншілік қырын жеке сомдауды мақсат тұтқаны байқалады. Дара дарын, тума талан иесі Жәнібектің қазақ әнінің дамуына қосқан үлкен үлесін, ерекше еңбегін бүгінгі және келер күнге өз дәрежесінде жеткізу көздеген шығарма алғаш рет сахналануы екен. Осы жағын мезеген этнограф қаламгер Молдабек Жанболатов қортынды сөзде режиссерлік бағытын әлі де жетілдіру керек деген ұсынысын біз де құптап отырдық.

Спектакль барысындаСаңлақ әнші сахналанды бас кейіпкердің замандастары  Қайрат Байбосынов, Ақселеу Сейдімбек, Тұрсын Жұртбаевтай танымал тұлғалар мен Жүсіпбек Елебеков, Кәрім Нұрбаев, Сапарғали Бегалиндей ел ағаларының да образдары сәтті көрініс тапты. Бас кейіпкер – Жәкеңнің рөлін сомдау театрдің белгілі актері Азамат Нұрғамысов сомдады.

Сөйтіп, Жәнібектей сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесінің жарқын бейнесі жұртының жүрегінде мәңгі қалуына елеулі үлес қосатын тағы бір туынды осылай сахнадағы тұсауын кесіп, ертеңгі күндерді бетке алды. Жолы болсын дейміз!

 Қайрат Зекенұлы, Семей.

 

 Tramaine Brock Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз