Адам ата салдырған мешіттің тарихы

649

МекАдам ата салдырған мешіттің тарихыкеден бұрын исі мұсылманға құбыла саналған (һижра бойынша 16 жылға дейін) Масжид әл-Ақса мешітіне барып сәжде етуді нәсіп еткен Аллаға сансыз мадақ, шексіз шүкірлік айтамын.
Мешіттің ең алғаш құрылысын бастаған Адам ата (ғ.с.). Сахих хадисте баян етілгеніндей, Адам ата (ғ.с.) қасиетті Қағбаны тұрғызған соң араға қырық жыл салып, Құдыс (Иерусалим) қаласындағы осы әл-Ақса мешітін өз қолымен қалаған.
Екінші рет бұл қасиетті мешітті Жақып (ғ.с.) пайғамбар салған. Тарихшылардың жазуынша Ысқақ (ғ.с.) пайғамбардың ұлы Жақып (ғ.с.) анасының айтуымен нағашыларына бару үшін жолға шығады. Жолда қоңыр төбенің баурайына тоқтап түнейді. Үлкен бір тасты жастанып, көзі ұйқыға іліне бере керемет түс көреді. Түсінде әлгі тастан көтерілген нұр аспанға дейін созылып жатса керек. Сол нұрдың бойымен періштелер жоғары-төмен үздіксіз шығып, түсуде. Бұған қоса Алла Тағала тарапынан ерекше дауыс естиді: «Ей, Жақып, мен саған да, сенің ұрпағыңа да береке беремін. Сен бұл жерге құлшылық орнын сал». Жақып (ғ.с.) ұйқысынан оянғанда: «Осы сапарымнан қайтып оралар болсам, бұл жерге құлшылық орнын саламын», – деп серт беріп, ол орынды ұмытпауы үшін тасқа белгі қалдырады.
Жақып (ғ.с.) нағашыларына барып, онда үйленіп, бала-шағалы болып, ұрпақ өсіріп, елін сағынған соң кері оралады. Жолда өзі белгілеп кеткен тасты көреді. Баяғы серті есіне түседі де осы жерді иесінен сатып алып, үлкен құлшылық орнын салады.
Бұл – қасиетті әл-Ақса мешітінің екінші рет салынуы еді. Ал, үшінші рет бұл қасиетті мешіттің қабырғасын Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) қалаған, құрылысты аяқтау үшін ұлы Сүлеймен пайғамбар (ғ.с.) Финикиядан сәулетшілер алдыртқан. Пайғамбар хадисінде мешіт құрылысына жындар да жегіліп, жеті жылда салынып біткен делінген.
Жындарға пәрменін жүргізген су перісі Сүлеймен (ғ.с.) мешітті бұрынғыдан да кеңейтіп салдырған екен.
Белгілі журналист Оңғар Өмірбек ақсақалдың тарихи деректерге сүйене жазуы бойынша Яхия (ғ.с.), Иса (ғ.с.) пайғамбарлардың балалық шақтары да осы әл-Ақса мешітінің маңында өткен. Құран кәрімде айтылғанындай Иса (ғ.с.) пайғамбардың анасы Мәриям да осы мешітте тәрбиеленіп, бой жеткен.
Мешіттің айырықшалығы мұнымен өлшенбейді. Сөзіміздің басында айтқанымыздай Палестина өлкесінің қасиетті Құдыс қаласындағы бұл мешіт Ыбырайымнан (ғ.с.) бастап, барлық пайғамбарлардың құбыласы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Меккеде тұрғанда намазды әл-Ақсаға қарап оқитын. Кейін келе Мәдинаға қоныс аударғанына он сегіз ай өткенде құбыла Қағбаға өзгерді. Міне, сол күннен барлық мұсылмандардың құбыласы қасиетті Қағба!
Әл-Ақсаның ең басты ерекшелігі мен құндылығы Миғраж оқиғасы. Миғраж оқиғасы – пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) берілген ұлық мұғжизалардың бірі. Миғраж оқиғасы пайғамбарлықтың оныншы жылы ережеп айының жиырма жетісіне қараған түні болған.
Құранда «Исра» сүресінің 1-аяты былай деп басталады: «Құлы (Мұхаммедті) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін әл-Харам мешітінен айналасын берекелі еткен әл-Ақса мешітіне апарған Алла тағала қандай да кемшіліктен пәк. Шын мәнінде, Ол – Естуші, Білуші».
Бұл ұлық мұғжиза былай болған-ды. Бір күні пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Қағбаның іргесінде жамбастап жатқанда Жәбірәйіл (ғ.с.) бірнеше періштемен келіп, пайғамбарымыздың кеудесін ашып, жүрегін алып, зәмзәм суымен тазалайды да қайта орнына салады. Тарихта «кеудені жару» деп аталатын бұл оқиға пайғамбарымыздың төрт жасар кезінде де болған.
Содан кейін қашырдан кішірек, есектен үлкенірек «пырақ» (бурақ) тұлпарды жәннаттан келтірген. Пырақтың жүйріктігі соншалық, көз жетер жерге қас қағым сәтте апарады. Жәбірәйіл (ғ.с.) Адам ата салдырған мешіттің тарихыпайғамбарымызды (с.ғ.с.) пыраққа мінгізіп, өзі жол бастап, әп-сәтте әл-Ақса мешітіне келеді. Пайғамбар (с.ғ.с.) пырақтан түсіп, оны байлайды. Ол жерде Ыбырайым (ғ.с.), Мұса (ғ.с.), Иса (ғ.с.) бастаған барлық пайғамбарлар күтіп тұрған. Олардың өтініштері бойынша Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі имам болып, екі ракат намаз оқиды. Бір кезде Жәбірәйіл (ғ.с.) пайғамбарымызға су, арақ, сүт құйылған үш тостаған ұсынады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сүтті таңдап ішеді. Сонда Жәбірәйіл (ғ.с.) шаттанып: «Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) сенің үмметің басқа қауымдарға ұқсап адасып кетпейді екен», – деп қуандырды. Бұдан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сахра» деп аталатын үлкен тастың үстінен пырағымен жеті қат көкке көтеріледі…
Әл-Ақса мешіті үш қабатты. Оның екі қабаты жердің астында. Пырақ байланған орын да, Сахра тасы да ең төменгі қабатта.
Міне, осындай қасиетті жерге табанымыз тигенге шексіз шүкірлік айтамыз. Әл-Ақса мешітіне Израиль мемлекетінің аумағынан кіресіз.
Ғибадат тауын қоршай салынған Аза дуалы (Стена Плача) ежелден зиярат ететін орын. Оның іргесін кезінде Дәуіт пайғамбар (ғ.с.) қалаған. Қазіргі әл-Ақса мешіті тұрған жерге бірінші храм немесе Сүлейменнің (ғ.с.) храмы деген ғибадатхана салынған екен. Ол жөйттерге құлшылық ететін жалғыз орын болыпты. Бірақ, жаңа дәуір келмей тұрып қиратылған.
Арада 70 жыл өткен соң бірнеше әлеуеттілердің, негізінен Ирод патшаның табандылығымен храмды қайта тұрғызған. Ол – Екінші храм деген атқа ие болыпты. Алайда ол да біздің дәуіріміздің 70 жылдарында император Тит бастаған рим әскерімен болған алғашқы иудей соғысында күйрейді.
Аза дуалы немесе батыс дуал Екінші храмның сақталған бөлшегі болып саналады.
Иудейлер мен христиандардың қасиетті кітаптарында айтылатын оқиғалар дуал шеңбер жасай қоршап тұрған Ғибадат тауында болған. Дәл осы жерде Ыбырайым пайғамбар Алланың тарапынан сынаққа түседі. Жаратушы оның көптен күткен әрі жалғыз ұлын құрбандыққа шалуды талап етеді.
Сондай-ақ, бұл жердің мұсылмандарға да орыны ерекше екенін айтып өттік. Жоғарыда, бірінші храмның орнында бүгінгі күнде маңызы жағынан үшінші орындағы әл-Ақса мешіті тұр. Ішінде оның мұғжиза оқиғасына қатысты «Сахра» тасы бар. Дәл осы тастың үстінен Мұхаммед (с.ғ.с.) пырағымен жеті қат көкке ұшқан.
Аза дуалы өзінің атауын яһудилердің дәстүріне сай алған. Олар салт бойынша құламай қалған батыс дуалына келіп Бірінші және Екінші храмдарын жоқтап жылайды. Ол екеуі әр түрлі жылдарда, бірақ бір күнде – тоғызыншы авда* күйреген. Бұл күн жөйіттер үшін ең қаралы күн.
Аза дуалының алды ығы-жығы халық. Күнделікті көрініс осылай болса керек. Біз де қалыптасқан үрдіс бойынша алып кірпіштердің жықпылына тілегімізді жазып қалдырдық.
Израилдегі ерекшелік әскерге қыздар да, жігіттер де міндетті. Адамның көбі қауіпсіздікті қадағалаған әскерилер. Олар халықпен тілдесуден қашпайтын тәрізді. Менімен біреуі суретке түсуден тартынбады. Сондай-ақ, қара шляпа киген яһуди бозбаласымен де естелік үшін камераға қарадық.
Айтқандайын, бұл қара шляпаның 34 түрі бар екен. Оның әрқайсысына тән белгілері байқалады, әлеуметтік дәрежесі де, тегі де содан көрініс табАдам ата салдырған мешіттің тарихыады.
Аза дуалынан асыға әл-Ақса мешітіне қарай бет түзедік. Оған бару үшін туннельмен арғы бетке өтеді екенсіз. Масжид әл-Ақса қазір Израиль мемлекетінің аумағында. 1988 жылы Израиль әскері әл-Ақса мешітін басып алған дегенімен, туннельге жиырма қадам енгеннен кейін израиль әскері кейінге қалады да, қырық қадам жүрген соң палестин әскері күтіп алады. Шекарадан аттап өте салысымен мұсылман яки мұсылман емес екеніңді сұрайды. Мұсылманмын десең, Құранның бір сүресін жатқа айтуың керек. Осы сыннан өткеннен кейін ғана әрі қарай қадам басуға ұлықсат береді.
Мешітке беттемес бұрын дәрет алу орнына кіресің. Содан кейін барып ұлық мұғжиза болған жер Масжид әл-Ақса мешітінің табалдырығын «Бисмиллаһи-рахмани-р-рахим» деп аттайсың.

Ав – есеп бойынша бесінші ай, жаздың шілде-тамыз айларына тұспа-тұс келеді.

Әділбек Ыбырайымұлы, жазушы.

2018 жылғы 6 маусым, сағат 23.42  

Дереккөз: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=747833008940632&id=100011418204701

  Marquez Valdes-Scantling Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз