Иран президенті Хасан Роухани украиналық Boeing 737-800 ұшағын атып жерге құлатқаны үшін кешірім сұрады.
Хасан Роухани Украина халқына және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ, ол 176 адамның өмірін жалмаған қайғылы жағдай үшін кешірім сұрады. Хабарламада Иран басшысының өз әскерилерінің қателігін мойындағаны туралы жазылған.
Ресми Тегеран әуе апатына қатысы бар адамдардың барлығы жазаланатынын және украиналық сарапшы топқа «қажетті қолдау жасалатынын» айтып сендірді.
Украина президентінің айтуынша, атып құлатылған украиналық ұшақ экипажы халықаралық ұшу ережелері мен нұсқаларын қатаң сақтаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Иран украин әуе кемесін зымыранмен атып құлатқанын мойындаған еді. Ирандықтар бұл әрекетті әуе кемесін жау ұша,ымен шатастырдық деп ақталыпты.