Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев мәселені төтесінен қойды!

164

– …Жуырда біздің жерді жайлаған қарлы боран төңірегінде бір ойларыммен бөліссем деп едім. Бәріміз білеміз, қанша адамдар автокөліктерімен жолда қалып, қиыншылыққа ұрынғанын. Кейбір жағдайда іштерінде жас балалар да болды. Біреулер айтуы мүмкін: көп ескертті ғой, неге жолға шығады деп. Иә, бірақ ешкім еріккеннен қыстың көзі қырауда жолға шықпайды, оларды жолға алып шыққан себеп бар. Жәй ауыл арасы емес, республикалық маңызы бар жолдар бірнеше күн қатарынан мүлдем жабық тұрды. Міне, осы жағдай мені қатты алаңдатады, – дейді депутат.

– Қалайша біз, өзімізді елу жетілген елдің қатарында деп санайтын мемлекет жай ғана  қарлы боранға төтеп беретін қауқарымыз жоқ болды?! Басқа-басқа, тіпті астанамызды бөліп тастадық басқа өңірден. Кім кінәлі? Нұр-сұлтан сүтсіз қалды, кім жауапты? Сүт – кейбір балаларымыздың басты қорегі. Қаншама тауарлар уақтылы тұтынушыға жетпей қалды? Қанша автокөлік жүргізушілеріміз зиян шекті, артық жанар жағармай жағып. Кім оларға сол зиянын өтейді? Әрине, бірінші кінәлі де жауап беретін де  – «Қазавтожол». Бірақ бізде Төтенше жағдайлардан құтқару құрамы бар ғой, ол не істеді? Иә, осыншама адамды құтқардық деген ақпаратты естіп жаттық. Бірақ жол тазартып жатқан техника көрінбеді. Жоғарыда аталған мекемелер бір-біріне сілтеумен болды. Кеңес заманын күндеп жатамыз ғой, бірақ сол кезде атап отырған төтенше жағдайларда көмекке әскери техника келіп көмек жасаушы еді. Енді басты айтарым – сол біздің әскерлер қайда бұғып отырды халқы жолда қиналып жатқанда?! Әлде біздің толық қаруланған әскерімізде қар тазартатын техника жоқ па?!  Егер әскерилер келіп көмектесіп жатса бір жағынан өздеріне жаттығу, екінші жағынан халық ризашылығына бөленбеспе еді?! Осындай мәселені тоқайластырып, реттеп отыратын біздің қадірлі Үкіметте ешкім болмағаны ма?!

«Жерұйық»-ақпарат»

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз