Су тасқынының алдын алуға 944, 5 млн. теңге бөлінбек

131

 

Су тасқынының алдын алуға 944, 5 млн. теңге бөлінбек

Семейде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаевтың қатысуымен көктемгі су тасқынына  дайындық барысы туралы кеңес өтті. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, аудандар әкімдері, Төтенше  жағдай   департаменті, казгидромет және Ертіс бассейні инспекциясының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жергілікті атқарушы органдар мен қызметтердің су тасқынына орай бірлескен іс қимылдарының дайындығы қаралды.

– Біз  2018 жылғы қателіктің  қайталануына жол бермеуіміз керек.  Ол кезде мың жарым үй  жарамсыз күйге түсіп, жолдар бүлінген, үш мыңнан астам адам эвакуцияланған. Прокуратура қылмыстық іс қозғап, өздеріңіз білетіндей,  кінәлілер жауапкершілікке  тартылған, – деді Құсайын Игембаев.

Қала әкімі Ермак Сәлімовтың айтуынша, үстіміздегі жылы су тасқынының алдын алу шараларына 944, 5 млн. теңге қарастырылған. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде су жіберу каналдарын ағымдағы  жөндеу мен күтіп ұстауға  46 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Семей өңірінде су жіберу каналдарының ұзындығы 62 шақырымды құрайды.

– Бүгінгі күні арықтардың барлығы тазартылды, жұмыс штаттық режимде жүруде. Жағалауды бекіту жұмысының жобалау-сметалық құжаты жасалды. Жоба экспертизаға жіберілді, қаражат бөлінді, 25 маусымға жобаның бекуін күтудеміз. Семейдің кешенді даму жоспары аясында  жоба іске аса бастайды. Су басу қаупін болдырмау мақсатында шаралар қолға алынды. Жеке секторлардан   қар шығарылды. Бүгінгі күні жеке сектордың 55 көшесінен 300 мың шаршы метр қар шығарылды. Қалған 5 көшені наурыздың 20 дейін шығарамыз деп жоспарлап отырмыз, – деді Ермак Сәлімов.

Сонымен бірге қала әкімі 18 наурыз күні Мирный кенті аумағында мұз жару жұмысы басталатынын атап өтті.

  Семей қаласының ақпаратық  орталығы

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз