Қазіргі таңда адамдар ТӨРТ топқа жіктелді…
Бір топ, қарадай үрейленіп, ойбай аттанға басып, өлеміз, жітеміз, анау жоқ мынау жоқ, осының бәріне үкімет кінәлі, маска қайда, азық түлік не болады, жұмыс істемесек аштан өлемізбе деп, бүкіл елді дүрліктіруші, өзінің үрейін өзгемен бөлісу арқылы қоғамда дүрбелең туғызушылар!
Мұндай адамдардың кесірінен адамдардың көп бөлімі қатты алаңдап, осы ауырумен күресіп жатқан, барлық іс шараларды ретімен атқарып жатқан билік өкілдерінің жұмысына кедергі келтіріп, олардың жүйелі жоспарына кесірін тигізіп, ауыруды тізгіндеуге мүмкіндік бермейді, ауырудың асқынуына тікелей себепкер болатындар деп айтар едім.
Ал, екінші топ: Қаннен қаперсіз, бұл үкіметтің ойыны, саясаттың сатқындығы деп, онсызда аңғал халықты алжастырып, ауырудың өршуіне ықпал етуші, арандатушы, кербақпа топ! Мінеки, жау жағадан алғанда, етектен алған бөлтіріктер осылар болмақ! Осындайлардың кесірінен қаншама адам, белгіленген талаптарға бағынбай, өз бетінше әрекет етіп, ешқандай сақтық шараларын жасамай, дерттің күн санап артуына қасақана себепкер болып жатыр!
Үшінші топ: Өзін өтірік алдап, ештеңені елегісі келмейтін, елемей қойсам маған ауыру келмейді, «Көппен көрген ұлы той», Алла өзі сақтайды!» – деп, өз өзін құрғақ сеніммен, әсіре психологиямен улап, бейғамдықпен ешнарседен хабарсыз, болып жатқан жағыдайдан хабары жоқ, тіпті қарап, тыңдаудан қорқып, нақтылы ақпаратпен ескертулерден бейхабар жүрген бейғам жандар, бұлар аурудың қалайдан-қалай таралып жатқанын, сақтық шараларының қаншалықты маңызды екенін білмегендіктен, өзінің әдейі болмаса да, білместікпен ауырудың асқынуына тікелей себепкер екенін білмейтін әсіре білімділер!
Төртінші топ болса, олар нағыз іс жүзіндікпен санасатын, жағдайды шынайы түрде қабылдап, соның алдын алу шараларын ыждһатпен орындап, жоғар билік органдарының берген нақтылы ақпаратын уағында тыңдап, солармен сәйкесе отырып, өз саналығымен тәртіпке бағынып, барынша сәйкесіп, билік органдарының жұмысын жеңілдетуге барынша тырысып, қолдау танытып, тек бірлік пен береке, тәртіп пен саналылықтың ғана өзін де, өзгелерді де құтқара алатындығына сенген нағыз алға басар позитивті топ!
Шіркін осындай сындарлы сәтте, бүкіл әлемге қауіп төніп тұрғанда неге ғана адамдар бір сәт, өкпе-реніш, күдік-күмән, бейғамдық пен салғырттықтан арылып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, осы жаумен күреспеске!
«Осыдан аман қалсаң, тары жейсің!», – депті ғой баяғыда бір апамыз, ашаршылық кезде, баласын алдамалап! Осыдан аман қалсақ, ойларыңызға келгенін жасаңыздар, саясатпен айналысып, билікті аударып тастайсыздар ма, жоқ басқа елге көшіп кетесіздер ме, білмеймін, өздеріңіз біліңіздер, бірақ дәл осы ел басына күн туған сәтте, бір бірімізді қолдап, бар дүниелер үшін шүкіршілік етіп, Алладан жәрдем сұрап, әркім өз жеке басы үшін жауапты болса екен деген ниет менікі…
Мүмкін артық кемі болса алып тастарсыздар, бірақ бұл менің жеке ойым…
Сіз қай топқа жататын сияқтысыз?
Жамила Оразбайқызының ФБ-парақшасынан.