Өскемендегі «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясы коронавируспен күрес штабына 30 автокөлік берді.
Бұл су жаңа көліктердің 15-і Нұр-Сұлтан қаласындағы, 10-ы Алматы қаласындағы блок-бекеттерінің қажеттігіне бөлінді. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасына да 5 автокөлік берілді.
-Қашан да әлеуметтік жауапкершілігімен көзге түсіп келе жатқан «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясы осындай қысылтаяң шақта қол қусырып қарап отыра алмады. Бұл – барлығымыздың ортақ қиыншылығымыз. Бұдан өзге, біздің компания осы автокөліктерді күтіп-ұстау шығындарының барлығын өзі көтереді. Тіпті, республикадағы карантин мезгіліне жүргізушілерді де өзіміз бөліп отырмыз,-деп мәлімдеді «АЗИЯ АВТО» АҚ Бас диреторы Ерік Сағымбаев.
25-ші наурыз күні Өскеменнен шыққан автокеруен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларын бетке алды.
«Жерұйық»-ақпарат».