А.Әлтай. «КАЗАГРО» керек құрылым ба?

200

Ауыл — ұлттың алтын тамыры!
Ауыл — алаштың алтын бесігі!
Ауыл — аграрлық саладағы мемлекеттің асыраушысы!
Қазір ауыл өмірінің қайнап жататын кезеңі.
Өкінішке орай уақытша белгіленген карантинге байланысты аграрлық сала мамандарының жұмысына біраз кедергілер туындауда. Техникаға қажетті құрал– саймандарды аудан орталығында алуға ешқандай мүмкіндікттер қарастырылмаған. Үлкен қалалардың қақпасы карантинге жабылғандықтан диқандар көктемгі техникалық дайындыққа кірісе алмай отыр.
Кешеге президенттің жолдауында көктемгі егіс жұмыстарына керекті жанармай бағасы он бес пайызға төмендейтінін айтты. Бұл жақсы жаңалық, бірақ жеткіліксіз. Мысалы, Эвропада орташа есеппен жанармай бағасы 1,8 эвро болып келсе, қазіргі бағасы 0,8 эвроға төмендеді. Тіпті біз еліктеуден жалықпайтын Ресейдің өзінде 150 теңгеге төмендеді,әлі де төмендей бермек . Ал, бізде 190 теңге болып, кесінше қымбаттай түсуі түсініксіз .
Меніңше әлемде мұнай бағасы құлдырап жатқан қазіргі кезеңде, ауыл- шаруашылығына керекті жанармай бағасы бізде 90 теңгеден жоғары болмауы керек. Бұл – нарық заңдылығы!
Егер жанармай бағасын екі есеге төмендетсе Т.Құлыбаев мырзаның қалтасы жұқарып қалмайтыны анық.
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мырза «сен тимесең, мен тиме» саясатын ұстанып, бұғып бұйығы отыра бермей ,әлуеметтік желі арқылы халықпен тікелей байланысқа шығуы керек. Халықтың мұң-мұқтажына, пікіріне, талап-тілегіне құлақ асатын, сергек қарайтын министр болғанын қалаймыз.

«КАЗ–АГРО» холдингін ұстап тұру үшін жылына қазынадан 35 миллиард тенге бөлінеді екен. Оның үстіне мемлекеттен аграрлық секторға бөлінетін қаржыға оператор болғаны үшін 2.4. миллиард тенге қаржыны жай отырып қалтасына салады. Ауыл шаруашылығы басқармасының функциясын қайталайтын мұндай соқыршек құрылымды ұстап отырудың не себебі бар?
Меніңше онда ылғи ауылдың исі мұрнына бармайтын бай–бағландардың балалары жұмыс істейді. Алпауыт агро-компаниялар болмаса, шағын шаруа қожалықтарына пайдасы жоқ.
Күн арқылы қуат алатын электр қондырғысын бес бағасына, ауыл шаруашылығы тихникаларын екі бағасына саудалап, фермерлердің қанын сорғаннан басқа бітірген жұмысы шамалы.
Ысырап дегеніміз осы!

 Дереккөз: https://www.facebook.com/profile.php?id=100005120377786  

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз