«Қазақтарды оқытып қажеті жоқ…»

204

…Қазақтың даласы мен тауын қажымай-талмай зерттеген еңбегі үшін фамилиясына қосымша ат жалғанған орыс ғалымы академик П.Семенов-Тянь-Шанский: «Қазақтарды оқытып қажеті жоқ, олардың салт-дәстүрлері тұнып тұрған білім!» деген екен. Құндылықтың бағасына жете білетін ғұлама солай тамсанса, «АҚШ демократиясының атасы» атанған, осы мемлекеттің негізін салушылардың бірі, оны 8 жыл басқарған Томас Джефферсон есімді әлемге әйгілі саясаткер: «Жақсы заңың болғанша жақсы дәстүрің болсын!» деп шорт кеседі. Неге олай қатты айтады? Өзінің мемлекетінің халқы қырық рудан құралған ел болғандықтан тамыры тереңге кеткен әдет-ғұрыптан мақұрым екенін көргендіктен, және оның орнын ешнәрсе толтыра алмайтынына көзі жеткендіктен айтып отыр.

Өмірзақ Ақжігіт, журналист

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз