Танзания президенті сыпайы түрде Қытайға «пшнх» деді. Жағдай былай болды. Танзанияның бұрынғы президенті Джакайя Киквете Қытай билігімен кредит алу бойынша келісімге қол қойған. Бірден 10 млрд долларға. Келісім бойынша Қытай Танзаниядағы Мбегани өзенінің бойына ірі порт салуға ақша береді және 99 жылға сол жерді үздіксіз қолдануға жалға алады.
Алайда Танзанияның жаңа президенті Джон Магуфули бұл келісімді қайта қарап, «мас адам ғана мұндай келісімге көнеді» деп, одан бас тартты. Ол басында жалға беру уақытын 99 жылдан 33 жылға қысқартып, артынша Қытай тарапы айтылған уақытқа келісімдегі талаптарды орындамады деп келісімнің күшін жойған. Не дейміз, жасасын Джон Магуфули!