Еврейлер секілді жұмыс істей алмаймыз…

357

Бүгінгі екі тараптың дауын қарап отырып халыққа жаным ашыды. Абай айтпақшы қазақтың тірісінде жақсысы қалмады шынында. Өркениетті елдердің бизнесмендері әлемдік өнім шығарып, дүниежүзінің нарығын жаулауға күш салып жатыр. Біздікі бірлесіп бақытсыз пиязды егеміз деп үлкен дауға, арты айыптауға ұласып кетті.

Ауыл шаруашылығын бизнесмендер көтеруі керек. Мемлекет соған жағдай жасау тетіктерін қарастыруы тиіс. Өкінішке орай 2-3 қазақ бірігіп, әлемдік деңгейдегі компания, ТНК құра алатынына күмәндәна бастадым. Ұрсып қала береміз ғой біз. Еврейлер секілді жұмыс істей алмаймыз. Біздің ми әлемдік масштабта ойлануға, адамзаттық проблемаларды шешетін деңгейге әлі жетпеген секілді. Бәрін ұстап отырар мемлекеттік машина болмаса, өртеп жібереміз-ау, бір-бірімізді.

Өз басым 30 жыл билікте жүрсе де арын таза ұстаған, ешқандай дау-дамайға араласпай, бір өзі Қазақстан дипломатиясының тарихына айналған президентке таңым бар. Қалай саясаттың түрлі интригаларының ортасында жүріп, 30 жылда өз абыройы мен беделін таза алып келген десеңші. Қазір де елде төтенше жағдай, карантин, халық коронавирустан қиналған кезде де прагматикалық саясатпен абыройына абырой қосып, беделі артып келеді. Қазақстанда қазір басы даудан аман бір ғана саясаткер бар. Ол президент. Ақырындап, салмақты да прагматикалық жолмен өте тамаша келе жатыр.

Қазақтың тірісінде жақсысы жоқ деген сөзді отыз жылдан бері теріске шығарып, парасатты жолмен келе жатқан жалғыз тұлға ол президент қана. Әркімге бір сеніп миы ашыған қазаққа Президентті қолдаудан басқа жол қалмады. Турасы да осы жол. Әлеуметтік желіде хайп ұстағандар келсе мемлекетті төңкеріп тынады мына деңгеймен. Тереңінен ойлау қажет қоғамға.

Бауыржан Серікбаев

 

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз