Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты

348

Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Абаев сенат депутаты болып тағайындалған Мәулен Әшімбаевтың орнына келді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл қызметті Мәулен Әшімбаев атқарған еді, ол президенттің жарлығымен сенат депутаты болды.

Айта кетсек, 2 мамырда мемлекет басшысы сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз