Қателікке бой алдырған азамат кенеттен байып кетті

153

Австралияның Хобарт қаласының тұрғыны жасаған қателігінің себебінен лотереяда джекпот ұтып алды.

Бұл туралы The Lott сайтында жазылыпты.

Жеңіске ие болған лотерея ойыншысының сөзінше, ол мүлдем басқа билет сатып алмақшы болған.

«Мен осы демалыста Superdraw лотереясын ойнағым келген, бірақ байқаусыздан TattsLotto билетін сатып алып қойыппын. Осы қателігімнің арқасында джекпот ұтып алдым. Қателікке бой алдырғаным үшін сондай қуаныштымын», – дейді ер азамат.

Тұрғын 1,2 миллион австралиялық доллар (шамамен 325 миллион теңге) ұтып алыпты

«Алғашында өтірік шығар деп ойладым. Тіпті қазірдің өзінде сене алар емеспін», – деп қосты ол.

Айтуынша, ұтқан ақшаны ол ипотеканы жабуға арнамақшы екен. Бұған қоса автралиялық азамат карантин бітсе, міндетті түрде жақындарымен бір жерге барып, ұтысын тойламақшы екендігін айтады.

Сілтемеstan.kz

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз