Қорқынышты қысқа әңгімелер топтамасы

300

Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгімелер

Түн ортасында жалғыз өзім такси күтіп тұр ем, жүргізуші менен: «Қайда барасыңдар?» – деп сұрады.

***

Машинаны құйғытып келе жатыр ем, машина терезесінен бір әжейдің маған қарап тұрғанын көрдім.

***

Жұмыстан тым жай түсіп, лифтке кірсем, адам жоқ екен. 10-қабаттан төмен түсіп, 6-қабатқа жеткенімде лифт тоқтап, бір жұп жас жұбай кірмекші болды да іркіліп, кейін шегініп кетті. Кенет лифт есігі жабыла бере, ол екеуінің: «Не деген адам көп еді!» – деп жатқанын құлағым шалып қалды.

***

Түн ортасында үйде жалғыз өзім компьютер ойынын ойнап отыр ем, кенет терезе қағылып, досым бірге ойнап келуге шақырды. Енді ғана терезені ашып, шыға алмайтынымды айтпақ болғанымда, өзімнің бүгін ғана 1-қабаттан 10-қабатқа көшіп келгенім есіме түсті.

***

Түн ішінде үрейлі түс көріп, шошып оянғанымда, ағам төсегімнің шетінде отыр екен. Алаңдап сұраған ағама түсімде бір топ адамның бастарын қолына ұстап, мені қуалап жүргенін айтып едім, «Мынадай ма?» – деді ағам, басын жұлып алып.

***

Ұлымды ұйықтатпақ болып, төсегіне жатқыздым. Ол болса, «Кереуетімнің астында мақұлық бар», – дейдi. Таңғалып, кереуеттің астына иiлiп қарасам, ол жерде ұлым: «Әке, төсегімде басқа бiр бала жатыр», – деп қорқып отыр.

***

Таң ата ұялы телефонымнан өзiм ұйықтап жатқан суретiмдi тауып алдым. Мен үйде жалғыз тұрамын.

***

Джектің 23:00-де болатын «Қауіпті сәт» бағдарламасы басталғанда теледидар пультiн таба алмай қалатыны бар. Осыдан екі жыл бұрын қайтыс болған ағасы да бұл бағдарламаны ұнататын едi.

***

Шошып оянған ол жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді.

***

Жер бетіндегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Есік қағылды…

***

Қайғылы жағдайға куә болған соң, әйеліме айту үшін үйге асықтым. Бірақ, ол мені мүлде тыңдамады. Бар екенімді білсе де, елемегендей сыңай танытты. Теледидар қосып, экраннан көз алмады. Бір сәтте телефонның дауысы шықты. Оның өңі бұзылып, бозарып кеткенін байқадым. Телефонды үнсіз қойып, бір нүктеге қарап қалды. Қолы дірілдеп, артынша қатты жылап жіберді.

Оқи отырыңыз: Бір адам көз жұмды…

Сілтемеsn.kz

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз