Ана тілін білмеген о дүниеге қорлықпен аттанады

392

Бір азамат мектепке екі тіл керек деп пост жазыпты. Соған қарсы мектепке екі тіл керек емес деген мына уәждерді айтпақпын.
1. Түрік, жапон, корей, неміс, ағылшын, француз мектептері бір тілді. Сондықтан ол тілге сұраныс бар және даму үстінде. Қазақтар екі тілді болуының салдары үлкендері аташка, апашка болып жүр және отбасында ана тілінде сөйлеспейді. Мектепке екі тілді енгізсек, құрдымға таза кетеміз.
2. Ұлттың 5-10 пайызына ғана шет тілі керек болуы мүмкін. Қалғандары өз ырыздығын өз тілінде тауып жейді. Әлем бойынша солай. Неге әр қазақ қостілді болуы керек?
3. Орыс тілін мектепсіз-ақ көше мен ақпарат ағыны үйретеді. Бұл ахуал кемінде бір буынға, яғни ширек ғасырға жалғасады. Қазақ орыс тілін ұмытып қалады деушілер жұртты шатастырып жұргендер.
4. Ана тілінде кемінде 15 жасқа дейін оқымаған бала ұлтқа қызмет ете алмайды. Кәртейгенде бақытсыз шал, кемпір болып о дүниеге қорлықпен аттанады.
5. Тәуелсіздік алған күннен билік екітілділік саясатты тастай ғып ұстанды. Нәтиже қандай? Ұлттың ең ұлы трагедиясы осы болды. Бұл аксиома.
Мектеп екі тілді болсын деген кім кімде осы саясатты жақтаушы. Яғни қазақты орға қарай итеруші.
Пост жазған азаматқа әзірге айтарым осы. Нені жазсаң да алдымен жақсылап ойланып ал деп кеңес бергім келеді ол сабазға.

Асан Омаров, мәдениеттанушы.

1 Пікір

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз