Көріп айту мен еріп айтудың арасы…

156

«Жерұйық.kz» ақпараттық порталының шығармашылық тобы биылғы мамырдың 16-сы күні Қасқабұлақ-Ақшоқы-Жидебай-Қарауыл бағытымен жүріп отырып, Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның туған жерінде қызу қолға алынып жатқан жобалардың іс жүзіндегі көрінісіне куә болып қайтты. Сол себепті, естігенімізді емес, көзбен көргенімізді көпшілікпен бөліскенді жөн санап отырмыз.

Көз бен құлақтың арасы төрт-ақ елі болғанымен, көру мен естудің арасы жер мен көктей. Соның бір мысалы – әлеуметтік желіде талқыға түсіп жатқан домбыра сұлбасы бар алаң эскизіне қатысты алуан пікірлер болып тұр. Оның өзінде сынаушылардың көбі Қарауылдағы алаңға арналған эскизді Қасқабұлақ басындағы құрылыспен шатастырып алған. Жазба авторлары өздері ғана жаңылып отырған жоқ, оқырмандарды да адастырып отыр.

Әуелі ұлы АбайдыКөріп айту мен еріп айтудың арасы...ң кіндік қаны тамғаКөріп айту мен еріп айтудың арасы...н Cыртқасқабұлақ басына тоқталайық. Мұндағы жоба бойынша Абай домбырасының үлгісінде жеке алаң салынып, сол алаңнан бұлақ басына дейін серуен жолы төселіп, жолдың екі жақ қапталында Абайдың 45 қара сөзі мәрмар тұғырларда бой көтермек. Мәрмәр тұғырлардың араларында шыршалар отырғызылған, осы серуен соқпақ тастың түбінен мөлдіреп ағып жатқан Қасқабұлақтың тура өзіне алып барады. Бертінге дейін жаз бойы малдардың таптаурын орнына айналып келген бұлақтың етегі қазірде өрнекті темір қоршаулармен қоршалып тал егілген екен. Ал, «домбыра» мәселесіне келсек, Төлеген Жанғалиев ақын айтқандай, бұл жерде ешқандай домбыраның суреті жоқ. Брусчаткадан төселген алаң Абай домбырасының үлгісіне негізделіп жасалған. Алаң-домбыраның шанағындағы тиек-форманың өзі кісінің белінен келетіндей биік, өте әсерлі. Біз де бір кісідей ұлттық домбырамыздың жыртысын жыртатындардың қатарынан болсақ та, бұл жерден бәлендей сөкет-сөлекет байқамадық. Қайта, Абайдай данышпанымыздың кіндік қаны тамған жер абаттанып, тағзым етіп келушілерге қолайлы жағдай жасалғанына көңілің тасып қалады екен.

Айта кеткеннің артығы болмас, осы Қасқабұлақты сонау 1950 жылдары Әрхам Кәкітайұлы бір көрікті жерге айналдырсам деп бүкіл керек-жарағын дайындап қойғанда, аудан басшылығы «Бұл совхоздың жері» деген сылтаумен рұқсат етпеген. Әлгі шешімге наразы болған Әрхам Кәкітайұлы өкпелеп Аягөзге көшіп кетіп, бірер жыл сол жақта тұрып келген екен (Мінәш Әрхамқызының естелігінен). Абай айналасының сол кездегі арманы, міне, ақырында ақиқатқа айналуының өзі бір керемет дүние секілді.

Қасқабұлақтан соң ат басын Ақшоқыға тіредік. Бұл жердегі шаруа да тең жарымынан асыпты. Құнанбай қорымының маңайы замануи қоршалып, қоршау ішіндегі алаңғКөріп айту мен еріп айтудың арасы...а брусчатка төселіп, тізе бүгерлік орын жасалған. Қорым ішіндегі әр қабір жеке-жеке жаңадан жиектеліп, мәрмар тақтаға марқұмдардың есімдері жазылыпты. Қорымның іргесінде жиырма метрдей жерде Құнанбайға арналып музей бой көтеруде. Біраз уақыт та ол да аяқталып, зиярат етіп келушілер Құнанбай туралы экспозициямен танысатын болады.

Жидебай басындағы құрылыс тіптен қауырт. Кесененің іші-сырты түгелдей күрделі жөндеу үстінде. Абай мен Шәкәрім мұнараларының ішкі қабырғаларындағы жазуларға дейін жаңартылмақ. Кесене ортасындағы амфитеатр мүлдем жаңарып, ашық төбесі енді шыны материалмен жабылмақ. Кесененің сыртқы қабырғасы бір қабат сүріліп, қайта бетондалып, жаңаша қапталмақ. Сол секілді қатымхана ғимаратының сырты да жаңарып, алаңдар мүлдем тың сипат алмақ.

Аламан тойдың өтетін орыны Қарауылтөбе Абай ауданы орталығының іргесіне тиіп тұр. Ұлы ақынның 150 жылдығы да осы Қарауылтөбенің бауырында өткен. Бүгінді қойып, сол той өткеннің келесі жылының өзінде 1300 үй тігілген аумақта ешқандай белгі қалмаған. Ал, биылғы жоба өзгеше, той соңында белгі болып қана емес, жергілікті жұрттың игілігіне жарайтын алаң пайда болмақ. Сол үшін қазіргі шақта атшаптырым аумаққа қоршау жүргізіліп, электр бағандары, су құбыры тартылып және жағалай тал егіліп тастаған. Атшаптырым аумақ ортасында домбыра үлгісінде алаң орын алмақ. Ол алаңның үлкендігі соншалық, «домбыраның шанақ тұсында» аралары алшақ үш бірдей киіз үй тігіледі. Үш киіз үйге қарама-қарсы домбыраның басы үлкен сахнаға айналады. Қалған аумақтар әлгі «көпарға» түсіп жатқан эскиздегідей киіз үйлер мен сахналарға апаратын өрнекті жолдарға жіктеліп кете береді. Әлеуметтік желіде әбден талқыға түскен эскиз осы алаңның неше жүздеген есе кішірейтілген көрінісі екенін де ескерген жөн. Атшаптырым жердің алақандай көрінісі кейбіреулерге шынымен де түрлі ой салуы мүмкін. Тіпті, білмеген у ішеді дегендей, ол эскизді Қасқабұлақ басындағы жобамен шатастырып жүргендер де бар.

Бұл киіз үй қалашығының тағы бір артықшылығы – бұрынғыдай бәйгетөбенің солтүстік жағындағы ипподроммен жапсарлас болмайды, Қарауыл орталығының іргесінде таяқтастам жерде. Мұның бір артықшылығы – бұрын ат бәйгесі кезінде ипподромның бүкіл шаңы киіз үй қалашығын басып қалатын, қазіргіде алаң бәйгетөбенің оңтүстігіне қарай Қарауыл орталығымен қанаттас орналасқандықтан, әлгі қалың шаңнан ауаша әрі Қарауыл жұртының алаңға күнделікті келіп-кайтуына жақын, күтім жасауларына да қолайлы. Сондықтан, бұл алаңның болашақта Қарауыл халқы мен оның қонақтары үшін тамаша бір серуен паркі болып қалатын түрі бар.

Бұның бәрін егжей-тегжей айтқымыз келгені – осы жобаларға қатысты алауан пікірлердің белең алып кеткендігінен. Жақтырмаушылардың бірі домбыраны аяқасты қылу десе, тағы бірқатар адамдар қазына Көріп айту мен еріп айтудың арасы...ақшасын желге ұшыратын арзан бастама дегенді айтады. ӘлеКөріп айту мен еріп айтудың арасы...уметтік желіде толып жүрген пікірлер мен көзқарастырды оқыған кезде, әрине, ұлттық намысы бар, елге жаны ашитын жандардың көңілі алаңдамай тұрмайды. Бірақ, әлгі жобалардың мақсаты шынында солай ма? Бірден айтайық, мүлде олай емес. Қайта, ортақ жауапкершілігіміз бен ұлттық намысымызды ұштауға бағытталған баянды бастама. Ал, оның баянды болу-болмауы сіз бен біздің дұрыс түсініп, ер еңбегі мен ел жұмысын шынайы бағалауға байланысты.

Қорыта келгенде, қоғам ортасында орын алған алуан пікірлерге қатысты «жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген сөзден асырып балама табу қиын. Жасалып жатқан жұмыстарды әр қырынан саралай келгенде, аяққа тапталғалы тұрған намысты байқамадық. Бұл бір кісідей ұлттық намысымыз бар адам ретінде айтып тұрған сөзіміз. Ел барда, ел ағалары барда ұлттық намысымыздың аяққа тапталуына жол берілмек емес, соған сенейік.

«Жерұйық.kz» ақпараттық порталы.

 

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз